Экономика
12 сәуір 12:14
Сарапшылар пікірі: Қазір теңгені долларға айырбастаудың қажеті бар ма?
Теңгенің бірден құлдырауы халықты әбігерге салды. Сабылып, ақша айырбастау пунктерін жағалап жүр.


 
Осы орайда сарапшылар қаражатты қандай валютамен сақтаған тиімді екеніне қатысты пікірлерін ортаға салған. Бұл туралы «31 арна» хабарлады.
 
Ұлттық Банк тұтынушыларының құқықтарын қорғау жөніндегі департамент басшысы Александр Терентьевтің айтуынша, ақшаны екі валютада: теңгемен және доллармен сақтаған тиімді. Осылайша халық қауіпті сейілте алады.
 
Ұлттық Банк сарапшылары теңге бағамы әзір тұрақталмайды дейді. Өйткені Ресейге қарсы санкциялар саны әлі артуы мүмкін. Бірақ ұлттық валюта өсуі де, құлдырауы да ықтимал.
 
Қазақстандықтардың теңгемен салған депозиттері 4 трлн теңгеден асқан. Данияр Ақышевтің айтуынша алаңдауға негіз жоқ.
 
«Қазір теңге бағамы жыл басындағы көрсеткішке жақындады. Жыл соңында бағам 333 теңге болған. Қазір сол деңгейде тұрмыз. Сондықтан депозитке ақша салған салымшылар ештеңе жоғалтпайды.  Оның үстіне мөлшерлеме кез келген шығынды жаба алады»-дейді ол.
 
Қазақстан банктеріндегі депозит көлемі 8 трлн теңгеден асады. Оның жартысы шетелдік валютада. Бірақ олардың сыйақы мөлшерлемесі төмен. Ал теңгемен салынған депозиттердің пайыздық мөлшерлемесі 14 пайыз.
  
«Банктерге теңгеге ыңғайлы шарттар бар. Қазір теңгені шетел валютасына ауыстырғаннан, сол күйі қалдырған жақсы» - дейді қаржы сарапшысы Сергей Полыгалов.
 
Осы себепті теңгені жаппай шетел валютасына ауыстырудың қажеті жоқ. Доллар қажет болса ғана ауыстырған жөн.
Данияр Ақышевтің айтуынша теңге бағамы әлі өсуі мүмкін. Бұл мұнай бағасына байланысты болмақ. Қазір бір баррель мұнай 71 доллардан саудалануда.
 
Ал теңгенің рубль-доллар өзгерісіне реакциясы қандай болатынын Үкімет пен Ұлттық банк шешеді. Олар жағдай күрт нашарлағанда қолданатын жоспарды әзірлеуі тиіс. Не рубльдің соңынан кетеді, не курсты ұстап тұрады. Бірақ онда отандық өндірушілер ресейлік әріптестерінен ұтылады. Өйткені олардың өнімі автоматты түрде арзандайды.

Комментарии




Яндекс.Метрика