|    |  
17 желтоқсан 2018
03:04
қаз
Сарапшылар туристер үшін әлемнің ең қымбат қаласын атады
11 қазан, 17:36 90



Сарапшылар туристер үшін ең қымбат қалалардың тізімін құрастырды. Саяхатшылар орташа есеппен 537 долллар жұмсайтын Дубай рейтингте көш бастап тұр, деп хабарлайды Mastercard.

Екінші орынды Париж иеленеді, мұнда туристер орташа есеппен 301 доллардан қалдырып отырады. Үшінші орынға Сингапур жайғасты – 286 доллар.

Сондай-ақ, үздік бестікке Сеул — 181 доллар және Бангкок — 173 доллар енді. Сонымен қатар, әлемнің ең қымбат қалаларының тізіміне Токио — 154 доллар, Лондон — 153 доллар және Нью-Йорк — 147 доллар енді.

Айта кететін жайт, рейтингті құрастыру кезінде Mastercard компаниясы әлемнің 162 елінің туристерінің төлем жүргізу операцияларының деректерін пайдаланған.


Дереккөзі: Лайф
 


Жаңалықтар