18 Август
11:14
Астана: 21 °C
Алматы: 21 °C
USD/KZT: 332.68
EUR/KZT: 389.40
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.85
Авто
18 қараша 10:50
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Сарапшылар жағармай бағасы 220 теңгеге көтеріледі деп отыр
Эконамист Денис Кривошеев  бензин бағасы  220-230 теңге болады деп болжайды. Және ол қымбатшылық ел экономикасына жағымды өзгерістер әкелетінңне сенімді. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.
 



Бұған дейін бензинге акциздер 2015 жылдың 25 қарашасынан бастап Қазақстанда екі есеге артатыны хабарланған болатын.

«Бензин құны әлі күнге толықтай еркіне жіберілмеген. Жанармайдың нақты бағасы әлдеқайда жоғары… Мен бұған дейін баға литріне 140 теңге болып көтерілетінін болжаған болатынмын. Солай болды да. Алайда одан кейін халықтың дүрлігуінен қорқып, бағаны күрт түсірді. Мұнай бағасын ескеретін болсақ, бензиннің 160-170 теңге тұруы – қалыпты жағдай. Мұның өзінде Ресей бензин бағасын көтермеген жағдайда. Ресейде бензиннің литріне 34 рубль алады. Алайда бағам өзгеруімен қоса, бензин де литріне 45 рубль болып көтерілетіні айтылды. Егер Ресей көтерсе, бізде литріне 220-230 теңге болады деп ойлаймын”, – дейді экономист Кривошеев.
 


 
нравится:    673
Теги: Автожаңалықтар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии