Әлем жаңалықтары
5 қазан 09:54
Саратовта 12 жастағы бала әке атанды

 
Ұл мен қыз сығандар отбасында тәрбиеленген. Бұл оқиға туралы Аймақтық тергеу басқармасы басшысының  көмекшісі Екатерина Пирская хабарлаған.
«Алдын ала деректер бойынша 2015 жылдың қарашасында Пугачев ауданында 19 жастағы бойжеткен 12 жастағы баламен жыныстық қатынасқа түскен. Биыл дүниеге сәби әкелген. Осыдан кейін бұл оқиға туралы құқық қорғау органдарына мәлім болған»-дейді ол.
 
Ал бала туған келіншекке қатысты «12 жасқа толған, бірақ 14 жасқа толмаған тұлғамен жыныстық қатынасқа түсу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ол он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Дереккөз: РИА Новости

Комментарии




Яндекс.Метрика