|    |  
21 наурыз 2019
22:55
қаз
Сары майдың пайдасы
28 желтоқсан 2018, 10:10 4


Сары май – кез келген адамның күнделікті рационының ажырамыс бөлігі. Сары майдағы холестериннен қорқып, оны өсімдік майларымен алмастырған жандар неден құр қалады? Сары майдың пайдасы қандай? 

Жылу мен күш-қуат 

Сары май сүт майының концентраты болып табылады. Ал май бірінші кезекте жылудың қайнар көзі. Майдың бұл қасиеті әсіресе суық кезеңде пайдалы. Әрине сары май калориялығы өте жоғары (100 граммда 730 ккал), оған қоса майлары ағзаға оңайлықпен сіңеді. Бірақ сары майдың бұл қасиеттерін де өзіміздің пайдамызға асыруға болады. Таңғы ас құрамына дәстүрлі нан мен май бутерброды өте орынды. Бұл тіпті арықтап жүретін қыздарға да артық болмайды, күніне 30 граммнан артық емес май сіздің салмағыңызға еш әсер етпейді. 

Дәрумендер 

Сары майдағы А, D, E, K дәрумендері терінің жұмсақтығы, шаштың әдемілігі мен тырнақтың саулығына үлкен әсер етеді. Мысалға айтсақ, А дәрумені майлардың арасында тек осы сары майда бар. Күніне желінген 50 грамм май көз бен сүйек саулығына кепіл бола алады. Иммунитетті жақсартатын майды суық маусымда 60-70 граммға дейін көбейткен дұрыс. А дәруменіне байланысты май тыныс мүшелерін ішінен "майлап", жөтелді емделуді тездетеді. Ал Е дәрумені қан тамырларын тазалап, берік қылады, шаршағандық сезімін басады. 

Көңіл-күй 

Бәріміз де шоколад құрамында бақыт гормоны серотонин бар екендігін білеміз. Алайда бұл гормон сары май құрамында да бар екендігін біле бермейміз. Серотонин тек көңіл күйді көтеріп қана қоймай ұйқыны реттеп, ауру сезімін, аштықты баса алады. 

Ми жұмысы 

Сүттің майлары адам ағзасындағы жасушалар алмасуы үшін өте маңызды. Бұндай қосылыстар әсіресе мида көп. Сары майдан толықтай бас тарту ми жұмысындағы қиындықтарға әкеле алады. Бұл ақыл мен ой-өріске зиянын тигізуі мүмкін. 

Холестерин 

Холестерин ұғымын бұрыннан бері денсаулыққа зияны бар зат деп санаймыз. Бірақ қажетті мөлшерде холестерин ағзамызға өте қажет. Ағзаның холестериндегі қажеттілігін басу үшін сары майды күніне 30 грамм шамасында қабылдау керек.


Жаңалықтар