|    |  
13 қараша 2019
11:56
қаз
​Сарымсақ қосылған нан
08 ақпан 2017, 10:01 66

Керекті ингредиенттер:
 
Қамырына:
 
500 гр ұн,
250 мл жылы су,
7 гр құрғақ ашытқы,
2 шай қасық қант,
1 шай қасық тұз,
50 мл өсімдік майы.

Салмасына:

3-4 тал сарымсақ,
100 гр сары май,
Кептірілген ақжелкен,
1 шай қасық тұз.

Дайындау тәсілі:
 
Керекті ингредиенттерді қосып қамырды илеп қоямыз.Жылы жерге 40 минутқа қойып көтерілгеннен кейін бастырып тағы 20-30 минутқа қойып қоямыз.
Ерітілген сары майға үккіштен өткізілген сарымсақ пен дәмдеуіштерді  қосып аралыстырамыз.
Көтерілген қамырды үшке бөліп дайындап қоямыз.
Әр бөлікті жайып қалыптың ішіне саламыз да арасына дайын соусты жағамыз.Ортасын домалақтап кесіп жан-жағынан ұзыншақтап кескен жолақтарды 2-3 реттен айналдырып бұрап қоямыз.
Бетіне жұмыртқаның сарысын жағып 35 минутқа 180 градусқа қыздырылған пешке қоямыз.


 
 


Жаңалықтар