|    |  
15 қараша 2018
04:50
қаз
Сәтсіз жасалған пластикалық операциядан кейін дәрігерді атып тастады
08 қыркүйек, 12:21 1210
Санкт-Петербург емханаларының бірінде жаға ұстатарлық жағдай орын алды. Сәттіз жасалған операциядан кейін емделуші дәрігерді атып, сосын артынан өзіне қолсалып мерт болды.



Трагедиялық жағдай Петербург ауданының емханаларының бірінді орын алды. Пациент пластикалық хирургты жаралап, сосын артынан өзіне қол жұмсады деп хабарлайды ТАСС.

Петербург прокурорының БАҚ-пен байланыс мәселелері бойынша аға көмекшісі Марина Николаевнаның сөзіне қарағанда, қастандық жасаушы ер адам винтовканы шүберекке орап, күзеттен өтіп кеткен. Сосын онымен бас дәрігердің орынбасарын атқан, сосын өзіне қол салған. Оқиға бейнежазбаға жазылып қалған.

Алдын-ала мәліметтерге қарағанда, қайғылы оқиғаға сәтсіз жасалған пластикалық операция себеп болуы мүмкін. Өзіне қол салған азамат осы емханада 2010 және 2011 жылдарда мұрнына пластикалық операция жасатқан. Оның операция нәтижесіне көңілі толмаған. Сосын 2013 жылы тағы құлағына операция жасатқан. Оған да көңілі толмаған көрінеді»,- деді Николаева.
Жаралы дәрігер қазір жансақтау бөлімінде жатыр.
 
Жаңалықтар