Әлем жаңалықтары
11 маусым 10:58
Сатушы 1 млн доллар ұтқан билетті ұмытып кеткен клиентке қайтарып берді
Канзаста сатушылар 1 млн доллар ұтысы бар билетті ұмытып кеткен клиентке қайтарып берді.


 
Жергілікті тұрғын шағын дүкеннен жылдам ойнатылатын үш билет сатып алған. Екеуін сол жерде бірден тексеріп, үшіншісін ұмытып кеткен. Билетті дүкен сатушысы тауып алып, тексергенде 1 млн доллар ұтыс шыққан.


 
Сатушы клиенттің соңынан жүгіре шыққан. Бірақ клиент кетіп қалған. Сол кезде ол қожайынына хабарласып, клиенттің сырт келбетін сипаттап берген. Дүкен иесі билетті сатып алған клиентті тауып, билетін берген. Ол сол дүкеннің тұрақты клиенті болып шыққан.

Дереккөз: https://life.ru

Комментарии




Яндекс.Метрика