Әлем жаңалықтары
25 желтоқсан 10:46
Сауд Арабиясы ханзаданы босату үшін 6 млрд доллар талап етіп отыр
Сауд Арабиясының билігі ханзада әл-Валид бин Талалдан 6 млрд доллар талап етіп отыр. Ханзада жемқорлық ісі бойынша тұтқындалған болатын.

 
 
Әл-Валид бин Талал қазір бұл соманы төлеуден бас тартып отыр. Егер төлеуге келіссе кінәсін мойындағанмен тең. Дегенмен ханзада өзінің Kingdom Holding Co. компаниясындағы біраз үлесін мемлекетке  беруге келіскен. Бірақ компанияның билігі өзінде қалуы тиіс.
 
Естеріңізге салайық, бұған дейін жемқорлық ісі бойынша 11 ханзада, 4 министр мен ондаған бұрынғы министр тұтқындалған болатын. Олардың арасында Таяу Шығыстағы ең бай адамдардың бірі, Сауд Арабиясының бұрынғы қаржы министрі, ханзада әл-Валид бин Талал бар. Оның Kingdom Holding Corp компаниясының акциялары соңғы үш сессияда 21%-ға арзандаған.
  
Дереккөз: КорреспонденТ

Комментарии




Яндекс.Метрика