24 Август
01:24
Астана: 16 °C
Алматы: 13 °C
USD/KZT: 333.32
EUR/KZT: 392.58
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.02
Әлем жаңалықтары
22 маусым 11:50
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Сауд Арабиясы Катардың түйелері мен қойларын депортациялады
Сауд Арабиясы Катарға тиесілі түйелер мен қойларды Катар мен Парсы түбегінің арасындағы жайылымдардан әкету қажеттігін мәлімдеді.


 
Ал катарлық шенеуніктер 15 мыңға жуық түйе мен 10 мың қойдың шекарадан өтіп үлгергенін хабарлады. Катарда суы мен азық-түлігі бар уақытша тұрақ салынған. Жануарлардың қожайындарына көмектесу үшін зоологтар, жүргізушілер мен басқа да қызметкерлер жеткізілген.

Сауд Арабиясы бұған дейін катарлық шаруалардың малдарын шекарада жаюына шектеу қоймаған.Шаруалар Эр-Риядтың бұл жолғы қылығына наразылық танытып отыр. Себебі Катардың көптеген азаматтары жайылым жетпегендіктен малдарын Сауд Арабиясында ұстайды.

Маусым айының басында бірқатар араб елдері, атап айтқанда Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн, Египет, Йемен, Ливия Катармен дипломатиялық байланысты үзген болатын. Олар Катарды экстремистер мен террористерді қолдады деп айыптады.

Дереккөз: ВВС
нравится:    97
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии