20 Август
04:35
Астана: 11 °C
Алматы: 12 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Экономика
6 маусым 16:32
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Сауд Арабиясы мұнай бағасын Еуропаға түсіріп, АҚШ-қа қымбаттатты


Сауд Арабиясы 5 маусым күні Еуропа сатып алушыларына мұнай бағасын түсірді де, АҚШ импортерлері үшін, керісінше, қымбаттатты  деп хабарлайды The Wall Street Journal.

Saudi Aramco мемлекеттік мұнай компаниясы маусымда мұнай бағасын барреліне солтүстік-батыс Еуропа елдері үшін – 35 цент, ал Жерорта теңізі аймағы елдері үшін 10 центке түсірді. WSJ басылымының айтуынша, бұл – күтпеген шешім, себебі шикізатқа сұраныс мұнай өндіру орындарындағы жөндеу жұмыстары өніммен қайта қамтамасыз ете бастағаннан бері өсіп келеді. Одан бөлек, Нигерия секілді елдердің мұнай тасымалдауы нарықтағы мұнай қорына әсер етіп отыр.

Дегенмен, мұнайды АҚШ-қа сату бағасы барреліне 20 центке қымбаттады. Сонымен бірге, Сауд Арабия мұнайының Extra Light сортынан басқа барлық түрі Азия импортерлері үшін де қымбаттаған. Нәтижесінде, Азияда Arab Light маркасы таяушығыстық эталонды Oman және Dubai сорттарынан 60 центке қымбаттады. Енді АҚШ-та Arab Light мұнай бағасы аймақтық деңгейден 55 центке жоғары деп хабарлайды Bloomberg.

Айта кетейік, 2 маусым күні ОПЕК-ке мүше елдер, оның ішінде Сауд Арабиясы өндірілетін шикізат көлемін азайту туралы келісімге келе алмаған еді. БАҚ ақпаратына сәйкес, мұнай өңдеу қорын азайту туралы шешімге Иранның мұнай министрі Бижан Намдар Зангане қарсы шыққан.
нравится:    803
Теги: Мұнай,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии