|    |  
20 қазан 2019
16:21
қаз
​Сауд Арабиясының банктері құрдымға кеткелі тұр
25 сәуір 2017, 10:50 41
Сауд Арабиясы мұнайдан түсетін табысқа тәуелділіктен құтылып, шетел инвестициясына есік ашып, экономикасын әртараптандықрмақ. Әртараптандыруды дәл қазір банктерден бастауға бел буыпты. Екі банктің негізгі үлесі сатылымға шығарылған.


 
Дегенмен, халықаралық несие берушілер Сауд Арабиясынан кетуге тырысып отыр. Ал әлемдік банктер салым салуға асығар емес. Сарапшылар аймақтық немесе жергілікті топтардың ғана қызығушылық танытып отырғанын айтады.
 
Себебі ел экономикасы  құлдырап барады. 2009 жылдан бергі өсім көңіл көншітпейді. Былтыр құрылысқа бөлінген қаржы кешіктірілген. Бұл өз кезегінде соларды несиелендіретін банктердің бүйірінен соғады. Alawwal Bank, Credit Agricole SA, Banque Saudi Fransi банктері бірнеше жылдан бері үлестерін сата алмай келеді.
 
Құзырлы органдардың өкілдері алдағы жылдардың да оңайға соқпайтынын ескертіп отыр. Саудия банктеріндегі несиелендіру былтырғы жылы өскен. Бірақ қазір тағы да тоқырап қалған. Ақпанда 0,3% дейін төмендеп, 2009 жылдан бергі ең төмен көрсеткішке жеткен.
 
Дереккөз: www.vestifinance.ru


Жаңалықтар