Экономика
27 сәуір 09:23
​Сауд Арабиясының экономикасы мұнайға тәуелділігінен құтылады
2020 жылы Сауд Арабиясының экономикасы мұнайға тәуелділігінен құтылады деп жазады 24.kz.



Жергілікті билік сәйкес реформалар жоспарын мақұлдаған. Экономиканы әртараптандыруға бағытталған бағдарлама сомасы 2 триллион доллар мемлекеттік қор құруды көздейді. Соның арқасында ел қара алтынның ірі экспорттаушысынан жаһандық инвестициялық державаға айналуы тиіс. Бағдарлама аясында жалпы ішкі өнімдегі шағын компаниялардың үлесін арттыру, жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, әйелдерді жұмысқа көптеп тарту жоспарланып отыр.
Айта кеткен жөн, бүгінде Сауд Арабиясы табысының шамамен 80%-ын мұнай экспорты құрап отыр.

 

Комментарии




Яндекс.Метрика