19 Декабрь
04:20
Астана: -20 °C
Алматы: -8 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
7 сәуір 15:44
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Сауд жігіті той алдында қалыңдығын ауыстырды
06-04-16-jenih

Сауд Арабиясында әдеттегіден тыс оқиға орын алды – дәл той басталар алдында қалыңдығы тұрмысқа шығудан бас тартып, кетіп қалған жігіт сауықтың шырқын бұзбай, мүлдем басқа қызға үйлене салды. Бұл туралы IslamNews сайтына сүйенген ras.kz хабарлады.

Аталмыш оқиға әлеуметтік желіде біраз ду-дабыр туғызды. Ал хикаяттың түйіні қалыңдықтың анасы белгілі бір әншінің нөсер жаңбырдың құйып тұруы себепті үйлену тойының салтанаты кезінде өнер көрсете алмайтын болып қалуына байланысты қызын күйеуге беруден бас тартуынан тарқатылып кеткен екен. Бұл әйел өзі жақсы көретін өнерпаз қатыспаса, тойдың өтпей-ақ қойғаны дұрыс деп шешіпті. Сөйтіп, бола жаздаған күйеу баласына қызын бермейтінін дәл той өтетін күні хабарлапты.

Әлбетте, күйеу жігіт болып кете жаздаған қайын енесінің мына әрекетіне қатты күйінеді. Өйтпегенде ше, той салтанаты өткізілетін банкет залы жалға алынып, барлық ақшасы алдын ала төленіп қойылған. Бұдан басқа да біраз шығын шығып кеткен.

Бірақ күтпеген жерден тұйықтан шығып кетудің жолы табыла қалды. Сол кезде жігіттің нағашы ағасы болып келетін кісілердің бірі әйелдікке өз қызын алуды ұсына қояды. Жігіт бұған ойланбастан келіседі. Осылайша аяқ астынан қалыңдықтың өзгеріп кеткені болмаса, үйлену тойы өзінің барлық салтанатымен өтеді де кетеді.

Ал әлеуметтік желідегілер қызының жолын байлған алғашқы қалыңдықтың анасын іреп жатыр. Олар сонымен бірге тағдырдың жазуымен күтпеген жерден ерлі-зайыпты болып шыға келген екі жасқа бақытты тіршілік тілеп отыр.
нравится:    720
Теги: Әлемде талай қызық бар,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии