Әлем жаңалықтары
22 қазан 15:31
Саудиялықтар батпырауық арқылы энергия өндірмек

Батпырауықты білмейтін адам кемде-кем. Балалық шақтың бір қызығы. Батпырауықтың тек ойын-ермек қана емес, сонымен қатар, адамзатқа нақты пайдасы бар игілік көзіне айналдыруға болады екен. Нақтырақ айтқанда, саудиялық ғалымдар, яғни, корол Абдолла атындағы ғылым және технология университетінің мамандары электр энергиясын ерекше тәсілмен алудың жолын ұсынып отыр. Тарқатып айтқанда, олар ұсынған нұсқа бойынша электр энергиясын желден алуға көмектесетін құрылғы кәдімгі батпырауыққа қатты ұқсайды. Яғни, жел құбыры арқылы электр энергиясын өндіру турасында сөз болып отыр бұл арада. Жел құбырының тиімділігі оның қаншалықты биікке орналасқанына байланысты. Өйткені, түрлі биіктікте жел түрліше құбылады. Осыны ескерген саудиялық инженерлер ең оңтайлы биіктікті анықтап, жаңа тұрпатты аэроқұбырды сынақтан өткізіп жатыр. Қызығы, бұл құрылғы өздігінен жерге қона алады. Желдің соғу екпініне қарай төрт шақырым биіктікке дейін көтерілетін болады. 

Дереккөз:http://​http://islam.kz

Комментарии




Яндекс.Метрика