|    |  
18 қаңтар 2020
22:08
қаз
Саусақ сыр айтады (Хиромантия құпиялары)
03 шілде 2018, 15:48 137


Кісінің қалпын, мінез-құлық,тағдыр-талайды,саусаққа қарап «сөйлетуді» мақсат етеді.  Хиромант мамандар саусақты пішіміне қарай үшкір, төртбұрышты, доғал, салалы, қысқа деп беске бөледі.  Үшкір саусақ- Хирономия ілімі бойынша мұндай саусақ іскер, қызуқанды, әсершіл,шешемтал адамға бітеді.Сондай-ақ хироном мамандар үшкір саусақ иелері не нәрсеге де шыдамсыз, тұрақсыз, құбылмалы, жұрттың айтқанына ергіш, сенгіш келеді деп есептейді. Кейбірінің тіпті жеңілтек,қатыгез болуы да ықтимал екенін ескертеді. 

Төртбұрыш саусақ- Хирономия мұндай саусақты адамның тәртіпті, жинақы, табанды,ынталы һәм досқа адал болатынын айтады. Салт-дәстүрді ұстануға, адам сыйлауға бейім келеді. Нақтылы ғылымдарды игеруге қабілетті, ерік-жігері мықты. Алайда төртбұрышты саусақ иелерінен өзгеге ұқсамайтын ерек қасиет иелері шыға бермейді,өзі түсініп,ұғуға шамасы жетпейтін нәрсені мойындауы қиын. Ойламы да, іс-әрекеті де тек нақтылыққа, материалдық негізге табан тірейді.Мұнысы оның адымын аштырмай, күнделікті ұсақ-түйек тірліктің қызығына байлап тастайтын жағдайларда аз ұшырыспайды. 

Доғал саусақ- Саусақ бітімі мұндай жандар қайратты,жігерлі,дербес іс-әрекетке құштар һәм мақтан сүйгіштеу келеді. Басқаның ой-пікірімен санаса қоймайды, үнемі дерлік өзім білемін,өзімдікі дұрыс деген сенім жетегінде жүреді. Хирономия доғал саусақтылардан жұртты соңынан ерте білетін шешен-көсемдердің,мықты актерлардың жиі шығатынын алдыға тартады. 

Салалы саусақ- Мұндай адам қандай қиын шаруаны да қиналмай һәм мінсіз атқаруға қабілетті. Бауырмал, жақын-жуықтарына, дос-жарандарына қамқорлық жасауға әзір тұрады. Бірақ басына іс түскен, тығырыққа тірелген кездері тым ұсақтап, өзіне лайықсыз әрекеттерге бару, жоқтан өзгені қазбалап, жөн-жосықсыз қазымырлыққа салыну да салалы саусақтыларға жат қылық емес дейді хирономия. 

Сұқ саусақ - оның ұзындығы ортаңғы саусақпен бірдей болса, онда ондай адамның әміршіл болу, даңқа жету мүмкіндігі өзгелерден әлдеқайда жоғары.Наполеон т.б. көптеген даңқты қолбасшылардың, елбасылардың саусақ бітімі осының дәлелі,- дейді мамандар. 

Шынашақтың салалы болуын да хирономия билікке,байлыққа қол жеткізетіндіктің нышаны деп біледі.

Дереккөзі: "ПТ" топтамасынан 


Жаңалықтар