20 Октябрь
18:35
Астана: 8 °C
Алматы: 14 °C
USD/KZT: 334.11
EUR/KZT: 394.65
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.46
Туризм
20 сәуір 17:15
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Саяхат кезінде құжатыңызды ұрлатып алсаңыз не істеу керек?
Шетелге шыққанда ең бірінші құжаттарыңызға және ақшаға сақ болу керек. Оның үстіне шетелге бірінші рет шығып тұрған туристерге алаяқтардың жақын жүретіні белгілі. Аяқастынан басыңыз дауға қалуы мүмкін. Солардың бірі құжаттардың жоғалуы немесе ұрлап кетуі. Ал мұндай жағдайда не істеу керек? 





Саяхатқа шықпай тұрып не істеу керек?
Алдымен құжаттың бірнеше көшірмесі болған жөн. Кемінде үшеуін нотариустан бекіттіріп алу керек. Оған төленетін қаржы шамамен 1500-2000 теңге. Құжатты ұрлатып алған жағдайда нотариустан бекітілген құжаттар консулдық мекемеге және полицияға беріледі.

Консулдық қызмет пен елшіліктің айырмашылығы
Елшілік — Бұл Қазақстанның әр елдегі ресми өкілі. Олар дипломатиялық және мемлекеттік тапсырмаларды орындаумен айналысады. Ал консулдық жеке тұлғаларға виза алуға көмектеседі. Сондықтан құжатыңызды ұрлатып немесе жоғалтып алған жағдайда консулдық мекемеге жүгінесіз. Ал туристік емес елдерде барлық мәселені елшілік шешеді.

Құжатты ұрлатқан жағдайда
Жеке құжаттарыңызды ұрлатқан жағдайда елге қайтып келу үшін қандай құжаттар керек екенін біліп алыңыз. Көбіне туристен оның жеке куәлігі мен екі фотосы талап етіледі. Алайда нотариуспен бекітілген шетелге шығуға арналған құжатыңыздың көшірмесі мен виза көшірмесін, жүргізуші куәлігін алып алған жөн.

Сондай-ақ, сапарға шықпас бұрын туристік сақтандыруды рәсімдеңіз. Сақтандыру қызметінің өкілдері құжатыңызды ұрлатып алған кезде консулдықтың телефонын тауып беруге, аударма және қажет құжаттар тізімі бойынша көмектеседі.

Құжатты жоғалтып алмас үшін оны қонақ үйге тастап кетіңіз. Оның елді аралау кезінде аса қажеті жоқ. Ал полицейлер тексереді десеңіз көшірмесін алып алыңыз.

Егер сіз саяхаттап жүріп құжатты жоғалтып алсаңыз ассистансқа (сақтандыру шарты бойынша сақтанушыға материалдық-заттық, немесе техникалық, медициналық және қаржылай көмек көрсететін қызмет түрі — ред.) хабарласыңыз. Ассистанс консулдыққа хабарласып олардың талаптарының қандай екенін білуге, сізге аудармашы тауып беруге көмектеседі.

Консулдыққа хабарласып құжаттарыңызды жоғалтқаныңызды айтыңыз. Олардан Қазақстанға қайту үшін куәлік алуыңыз керектігін хабарлаңыз. Бұдан бөлек қай елге барсаңызда консулдықтың жұмыс тәртібі қандай екенін біліп алыңыз. Себебі Үндістан сияқты кейбір елдерде консулдықпен кездесу үшін алдын ала жазылу керек болады. Ал Парижде бәрі онлайн, кезекте тұрудың қажеті жоқ.

Полицияға құжаттың жоғалғаны туралы хабарлаңыз. Өзіңізбен бірге құжаттың көшірмесі мен қонақ үй броньын алып алуды ұмытпаңыз. Туристік қалалаларда полицейлер құжатсыз жүрген туристерге үйреніп қалған. Сондықтан олар көп сұрақ қоймай, құжаттың жоғалғаны туралы анықтама жазуға кіріседі. Ал егер олармен сөйлесуден қорықсаңыз аудармашымен жүргеніңіз жөн.


Дереккөзі: https://7kun.kz
 
нравится:    763
Теги: Главная, Саяхатшыларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии