12 Декабрь
14:13
Астана: -16 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Туризм
2 желтоқсан 12:41
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Саяхатқа шығатындар дәрі-дәрмек қобдишасын қалай дайындағаны дұрыс?
Көптен күткен саяхатқа билет алып қойдыңыз ба? Онда жолға дайындалыңыз. Ең алдымен дәрі-дәрмек қобдишасын дайындайсыз. Себебі жат елде басыңыз ауыра қалса дәріхананы қайдан іздеп жүресіз? Ауырғаныңызды өзге тілде қалай түсіндіресіз? Міне, дәрі қобдишасы осындай қиындықтардың алдын алу үшін қажет. Оны қалай дайындау керек? Кеңесімізге құлақ түріңіз.



 
Саяхатқа жиі шығатын туристердің аяғы төзімді болуы керек. Тіпті саяхатқа жиі шықпасаңыз да, барған жеріңізде белсенді демалу үшін аяқтың мықтылығы керек. Ал оған лейкопластырь, мақта, йод, сутек тотығын алған жөн.
 
Сондай-ақ тамақ ауырғанда, жөтелгенде, суық тигенде ішетін, температураны түсіретін, мұрынға, құлақ пен көзге тамызатын дәрілерді алыңыз. Себебі суға түскенде көз бен құлаққа су кірсе бұл дәрілер сізге ауадай қажет болуы мүмкін.
 
Тіс ауырғанда ішетін таблеткаларды да алыңыз. Ең дұрысы тісті шетелге шықпас бұрын емдеп алу. Сондай-ақ бас аурурына қарсы дәрілерді көптеп алыңыз. Себебі барған жағыңыздың температурасы жақпай, басыңыз ауыруы ықтимал.
 
Барған жеріңізде сізді жәндіктер шағуы мүмкін. Осындай кезде жағатын мазьдарды да ұмытпаңыз. Асқазан ауырғанда, іш ауырғанда ішетін дәрілерді де алыңыз. Күннен қорғайтын мазьдар мен кремдер де қажет.Оларсыз денеңізді күйдіріп алыңыз ықтимал.
 
Әсілі, барлық аурудың бастауы күйзелістен шығады. Ұшаққа мінгенде, климат ауыстырғанда күйзеліске түсуіңіз бек мүмкін. Сондықтан тыныштандыратын дәрілерді де алыңыз.
 
Дереккөз: http://zhenskoe-mnenie.ru
нравится:    36
Теги: Главная, Саяхатшыларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии