24 Август
11:07
Астана: 24 °C
Алматы: 22 °C
USD/KZT: 333.32
EUR/KZT: 392.58
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.02
Туризм
30 қазан 14:37
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Саяхатқа шыққанда қаржыны үнемдеудің 7 жолы
Демалыс дегеніміз не? Иә, әрине, бұған әркім өзінше түсінік беруге тырысады. Мысалға, біріміз үшін бұл – жағажайда демалу болса, енді бірімізге демалыс деген түрлі елдерге саяхаттау емес пе?! 
Десе де демалыстың өзі туристің қалтасын қағатыны да жасырын емес. Ал сонда арзан әрі сапалы қызмет көрсететін орында қалай демалуға болады? Мәселен, сізге қазіргі барлық заттың құны шарықтап тұрған заманда арнайы туристік жолдаманы сатып алудың өзі мүмкін емес болып көрінуі мүмкін. Алайда, бүгін біз сіздерге саяхатқа шыққанда қаржыны үнемдеудің 7 жолын айтатын боламыз.



1. Демалысыңызды алдын ала жоспарлаңыз.

Бұл үшін Early Booking жүйесін пайдаланып, алдын ала жазылып қойыңыз.
Егер сіз барлығын ертерек жоспарлап, қадағалап отыруды жақсы көрсеңіз, ендеше, Early Booking жүйесі сіз үшін таптырмас құрал. Мысалға, сіз алдын ала орынға тапсырыс беру арқылы қаражатыңыздың 30-50% үнемдеуге мүмкіндік береді.
Кейде тур компаниялардың жаппай жасайтын жеңілдіктері «сенімсіз» болуы мүмкін.


2. Авиа агенттіктердің жасайтын жеңілдіктерінен құр қалмаңыз.

Бұл сіздің қаржыңыздың 15-50% үнемдеуге көмектеседі. Мұндай тәсілді көбінесе саяхаттауды жаны сүйетін туристер қолданады екен.



3. «Фортунаны» қолданып көріңіз.
Егер сіз қызықты әрі күтпеген оқиғаларды жақсы көрсеңіз, осы «Фортуна» жүйесін пайдаланып көріңіз. Аталмыш жүйе ақшаңыздың 15% үнемдейді.
«Фортуна» жүйесін көптеген елдерде әлі күнге дейін TEZ EXPRESS, «Рулетка» немесе «Отель-сюрприз» деп атап жатады. Себебі, аталған қызметтің ерекшелігі сіз туған жеріңізден шыққан соң таңдаған еліңізде орналасқан қандай қонақүйге орналасатыныңызды білмейтін боласыз. Десе де бұл турфирмамен келісім жасап, билет алар болсаңыз, өзіңіздің курорттық орынға не болмаса бес жұлдызды қонақүйге орналасқыңыз келетінін ескертіп қойғаныңыз абзал.

4. Барлығы демалған уақытта демалмаңыз.
Бәрімізге белгілі турфирмалардың бағасы жаз мезгілінде шарықтап кетеді. Сондықтан да бұл кезде ақша үнемдеймін десеңіз, ендеше отбасыңызбен табиғат аясында демалып қайтқаныңыз әлдеқайда тиімді.
Мысалға, турфирмалардың бағасы төмен түскен кезде барсаңыз, сіздің демалыс орнына көңіліңіз толмауы әбден мүмкін. Мысалға, ауа-райы құбылмалы болса, демала алмайтыныңыз анық. Бірақ, осылай арзандап тұрған кезде саяхаттасаңыз 70% қаражатыңызды үнемдеу аласыз.

5. Туристтік компаниялар ұсынатын жеңілдіктер мен акциялар.
Әрине, барлық туристтік компаниялар өз атақ-абыройын көтеріп, саяхатшыларды тарту үшін түрлі акциялар мен жеңілдіктер жасайды. Осы орайда, аталмыш компаниялардан алдын ала билетке тапсырыс берсеңіз, онда сіз 1-12% қаражаттыңызды үнемдей аласыз.















6. Купоннан қорықпаңыз!
Көптеген турфирмалар жаңа клиенттерді жинау үшін сайттарда, газет-журнал беттерінде түрлі жарнамалық купондар жасайды емес пе?! Егер газет-журнал бетінде орналасқан жарнамалық купонды көрсеңіз, оны қиып алып мекен-жайы көрсетілген турфирмаға әкеліп, виза алуға, сондай-ақ, сақтандыру құжаттарын жасағанда жеңілдіктер алуға болады. Бұл қаржыңызды 3-15% дейін үнемдеуге көмектеседі.

7. Жеңілдік алар ең оңай жолы бар.
Егер де сіз жылдар бір туристтік мекемеден жолдама сатып алып жүрсеңіз, демек сізге жеңілдік жасалатынын да естен шығармаңыз.

Дереккөзі: http://ozgeshe.kz/
нравится:    951
Теги: Әлемге саяхат, Саяхатшыларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии