21 Август
04:56
Астана: 8 °C
Алматы: 10 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
14 шілде 09:45
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Саясаткерлердің билеген сәттері (видео)


Жақында ғана қаралы жиында музыкаға еліткен АҚШ-тың бұрынғы президенті Джордж Бушты не өзінің жұбайы Лора Буш, не қазіргі ханым Мишель Обама тоқтата алмады. Бірақ биге құмар Буш қана емес. 



Кіші Буштың биі Борис Ельцинді еске түсірді. 1996 жылы Президенттікке екінші мәрте кандидатурасын ұсынғанда оны қолдау үшін көптеген әртістер ел ішінде тур ұйымдастырған болатын. Осындай турлардың бірінде музыканттар ғана емес, оларға қосылып елбасының өзі билеп кеткен еді.



Ресейдің тағы бір бұрынғы президенті Дмитрий Медведев те биге иекемі барын көрсетті. Өзінің кластастарымен кездескен сәтіндегі биі көпшілікті қуантты. 



Аты шулы Владимир Жириновскийдің биден де талайды шаң қаптыратын қабілеті бар.



Ал Шешенстан президенті Рамзан Қадыров өз халқының ұлттық биі лезгинкадан алдына жан салмайды. 



Белоруссияның президенті Александр Лукашенко да әріптестерінен қалыс қалғысы жоқ. Оның Верка Сердючкамен бірлесе шығарған дуэті.



Ал Канаданың премьер-министрі  Джастин Трюдо үндістандық қыз-келіншектермен қосыла Бхангру биін билеп, көрерменнің көз айымына айналған еді.



Аргентинаның бұрынғы президенті Кристина Фернандес де Киршнер де бишілік өнерін басшылық лауазымынан кетерде көрсетті. 



Дереккөз: dni.ru 
нравится:    665
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии