19 Ноябрь
14:26
Астана: -1 °C
Алматы: -2 °C
USD/KZT: 332.21
EUR/KZT: 391.74
RUB/KZT: 5.57
CNY/KZT: 50.08
Әлем жаңалықтары
29 мамыр 09:29
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Саяси қуғын-сүргін құрбандары жадымызда
31 мамыр - Қазақстанда 20-ғасырдың 20-50-жылдарындағы жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Сталиндік қуғын-сүргінге зерттеушілер саяси репрессияны, ашаршылықты, халықтар депортациясын жатқызады. Бұл оқиғалардан 4 миллиондай Қазақстан азаматы зардап көрді. 1920-30-жылдардағы ашаршылықтан түрлі дерек бойынша қазақ халқының жартысына жуығы қырылды. Тек Қазақстанда 20 мыңнан астам адам түрмеге қамау, ату сияқты қатал жазаға кесілді. Осы жылдары немістер мен шешендер, Қырым тартарлары және басқа ұлттар Қазақстанға жаппай жер аударылды.



КАРЛАГ лагерь басқармасы Долинка елді мекенінде орналасқан. Көмір, түсті металл қазып, ауыл шаруашылығымен айналысқан. 1932 жылы ашылған. Бұл лагерьді сталиндік тоталитарлық жүйенің Қазақстандағы Соловкиі деуге болады.  Мұнда Қазақстан мен Орта Азиядағы өндірістік-шаруашылық, әскери-ведомстволық, жазалау-тәрбиелік пульті орналасты.
Алғашқыда бұл жерде «26-нүкте» деп аталатын орын болған. Соның негізінде 1938 жылы НКВД-ның Ақмола арнайы бөліміне (Қарағанды лагеріне) қарасты «Отанын сатқандардың әйелдеріне арналған Ақмола лагері» пайда болды.



Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау, заңсыз қудаланған азаматтардың құқығын қалпына келтіру жұмыстары қанша уақыт өтсе де тоқталмауы тиіс. Осы мақсаттарда елімізде жұмыстар жасалып жатыр олардың бір парасы мыналар:
  • Тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы сәуірдің 14-інде «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданады.
  • 1997 жылы ҚР Президентінің Жарлығы бойынша, 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып жарияланды.
  •  1937-1939 жылдар аралығында қазақтың бас көтерер зиялы қауымының көпшілігі қуғын-сүргін құрбанына айналды.
  • Тәуелсіздік жылдары 146,5 мың күнәсіз жазғырылған отандасымыздың аттары жазылған 14 «Аза кітабы» жарыққа шықты. Заңнамаға сәйкес, 340 мыңнан астам заңсыз қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтар ақталды.
  • Астана қаласына таяу жерде орналасқан Ақмол поселкесіндегі қуғын-сүргін құрбандарына арналған аллеяда осы лагерьдің аты жазылған тақтайшадағы «отанын сатқандар» деген сөз тырнақшаға алынған.


нравится:    4241
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии