22 Август
17:16
Астана: 27 °C
Алматы: 27 °C
USD/KZT: 332.58
EUR/KZT: 390.38
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 49.85
Әлем жаңалықтары
20 наурыз 18:07
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Сайлау-2016: Әкімдер өз таңдауларын жасады (ФОТОРЕПОРТАЖ)


Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарының сайлауы өтіп жатыр.
Саяси додаға барлығы алты партия - «Нұр Отан» партиясы, Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, Қазақстан Коммунистік Халық партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы және «Бірлік» саяси партиясы қатысып жатыр.
Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісінің 98 депутаты, сондай-ақ облыстық, Астана, Алматы қалалық мәслихаттарының 550 депутаты, қалалық мәслихаттардың 625 депутаты және аудандық мәслихаттардың 2160 депутаты сайланады.
Орталық сайлау комиссиясы ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер  ретінде алты саяси партияның атынан 234 кандидатты тіркеді.
ҚР-дағы сайлауды 964 халықаралық байқаушы қадағалайтын болады. Сонымен қатар ол дауыс беру барысы мен дауыстарды санау рәсімін байқауға кандидаттар мен партиялардың сенім білдірген адамдары, қоғамдық бірлестіктер, ҮЕҰ, Қазақстан Республикасы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыса алады.  
Сайлауда 9 791 165 қазақстандық дауыс береді деп күтіліп отыр.

Қазақстан өңірлерінің әкімдері де сайлауға белсенді қатысып, халыққа үлгі көрсетті.

Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков ҚР Парламенті Мәжілісінің және Астана қаласы мәслихаты депутаттарын сайлауға қатысты. Қала басшысы Оқушылар сарайында орналасқан №81 сайлау учаскесінде дауыс берді.




Алматы əкімі Бауыржан Байбек № 92 мектепте орналасқан № 250 сайлау учаскесінде дауыс берді.




Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Талдықорған қаласындағы № 1 Абай атындағы орта мектепте орналасқан № 866 сайлау учаскесінде зайыбымен бірге дауыс берді, ЕЫҚҰ бақылаушыларымен тілдесті. 




Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин Көкшетаудағы №1 орта мектепте орналасқан №6 сайлау учаскесінде өзі таңдауын жасады. «Өз елімнің азаматы ретінде, мен Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуі үшін дауыс бердім», - деді С.Кулагин.




Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бүгін қалалық Мектеп оқушылары сарайында орналасқан №77 сайлау учаскесінде кезектен тыс ҚР Парламенті Мәжілісі сайлауына және мәслихаттар сайлауында дауыс берді. 
«Сайлауға қатысу - әр қазақстандықтың, оның ішінде  Ақтөбе облысы тұрғындарының  азаматтық борышы.  Осылайша, біз Мемлекет басшысының саясатын қолдаймыз. Бүгін сайлаушылар өте белсенділік танытуда. Облыстың әр тұрғыны тәуелсіз елдің тұрақтылығы мен гүлденуі үшін өз дауысын беретініне сенімдімін», - деді облыс әкімі сайлау барысы туралы.




Орал қаласындағы №521 сайлау учаскесінде өз таңдау құқығын жасаған Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев: «Бүгін әр сайлаушының сайлау учаскесіне келіп, өзінің қалаған партиясы мен адамдарына даусын бергені ерекше маңызды. Әр сайлаудың өзіндік орны бар. Мәжіліске өткен партиялар мен мәслихат депутаттары болып сайланғандар өздерінің сайлауалды тұғырнамасы мен бағдарламасын жүзеге асыра отырып, әр сайлаушының ойынан шығуға тырысады. Сайып келгенде, олардың бәрі елдің одан әрі дамуына өз үлестерін қосады», деді.




Тараздағы  № 35 сайлау учаскесінде бірінші болып дауыс бергендердің арасында Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев болды. Ол республика Парламентінің бастамасымен жүзеге асырылған осы сайлау Қазақстанның жаңа тарихындағы маңызды кезең болып табылатынын атап өтті.




Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамед Әбдібеков Қарағанды қаласының № 53 сайлау учаскесінде зайыбымен бірге  дауыс берді. 
«Бүгін - әрбір азамат өзінің конституциялық сайлау құқығын іске асыру мүмкіндігін алып, өзі сенім білдірген кандидаттарға дауыс бере алатын  маңызды күн. Халық таңертеңнен бері дауыс беріп жатыр, белсенділіктің бар екенін көріп отырмыз. Елдің болашақ дамуы осы сайлауға байланысты. Мәжілісте азаматтардың мүддесін кім қорғайтыны, қандай мәселелер қойылып, олардың қалай шешілетіні өте маңызды. Барлық деңгейдегі мәслихаттарда жауапты, сауатты адамдардың болуы да өте маңызды болып табылады», - деді Н.Әбдібеков.




Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов те сайлауда дауыс беруге зайыбы Айнагүл Мұхамбетовамен бірге келді. 
«Бүгін Қостанай жұртшылығы белсенділік танытып, азаматтық борышын орындайды деген үміттемін», - деді дауыс беру кезінде Архимед Мұхамбетов.




Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қаладағы №263 сайлау учаскесінде дауыс беріп, өз таңдауын жасады.




Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов жұбайымен бірге облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында орналасқан №644 сайлау учаскесінде дауыс берді. 
«Мемлекет басшысы біздің алдымызға елдің дамуы үшін ауқымды міндеттер қойды. Оның басым бөлігі сайлаушылар сеніміне байланысты. Депутаттардың өңірдің дамуы үшін маңызды шешімдер қабылдауға қатысатынын барлығы жақсы біледі. Дауыс беру жоғары деңгейде өтетініне сенімдімін», - деді өңір басшысы.




Еске сала кетейік, ҚР Президентінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы «Бесінші шақырылған ҚР Парламентінің Мәжілісін тарату және ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Жарлығымен  партиялық тізімдер бойынша сайланатын ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2016 жылғы 20 наурызға, ал Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2016 жылғы 21 наурызға тағайындалған болатын.
нравится:    889
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии