24 Август
03:07
Астана: 13 °C
Алматы: 11 °C
USD/KZT: 333.32
EUR/KZT: 392.58
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.02
Әлем жаңалықтары
20 қыркүйек 09:45
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Сайлауға қатысқан жануарлар

 
Әлемде түрлі қызық болып тұрады. Сондай қызықтардың бірі ретінде жан-жануарлардың сайлау науқанына араласуын айтуға болады. Ойда жоқта сайлау учаскесінен шыққан жануарлар оқиғасын назарларыңызға ұсынамыз.
 
2015 жылы Омбы облысының Сидельниковский ауданындағы сайлау учаскесіне аю келген. Аюдың арқасында аталмыш аудан дауыс берушілер санынан көш бастайды.
 

2011 жылдың мамырында Оңтүстік Африканың Лимпопо провинциясында сайлау кейінге қалдырылады. Себебі сайлау комиссиясы қолтырауындар жүрген өзеннен өте алмай қалған.
 

Бір жыл бұрын Ленинград облысының Сланцы қаласындағы сайлау учаскесіне жергілікті тұрғын үйретілген аюды алып келеді. Сөйтіп аюды қызықтауға келген халықтың қарасы артады.
 

2009 жылдың қазан айында Череповецкий ауданында бюллетеньдерді алып келе жатқан автокөлік қабандар табынынан бір-ақ шығады. Сайлау комиссиясының төрағасы мен хатшысы зардап шегеді.
 

2002 жылдың наурызында маймылдар Делидегі сайлау учаскесі орналасқан политехникалық институтқа кіріп кетіп, барлық бюллетеньдерді алып кеткен.
 

Дереккөз: life.ru
нравится:    556
Теги: Главная, Жануарлар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии