22 Август
01:35
Астана: 12 °C
Алматы: 11 °C
USD/KZT: 332.58
EUR/KZT: 390.38
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 49.85
Туризм
12 тамыз 16:53
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Сайран көліне келушілер саны рекордтық көрсеткішке жетті
Сайранға келушілердің саны рекордтық көрсеткішке жетті. Өткен сенбіде жағажайда 5 мың демалушы тіркелген. Ұйымдастырушылар, келушілердің санын арттыру үшін арнайы кеш ұйымдастырған.


Сайранның сары суына келіп тынығатын тұрғындардың қарасы бұған дейін саусақпен санарлық еді. Ал көл тазарып, батыс жағалау қосылғалы бері демалушылар саны екі есеге артқан. Ал сенбі күні бұл орынның салтанатты ашылуына бірден 5000 жуық адам келіпті.

Мерекелік шараға орай жағалауда жасы мен жасамысына арналып 9 түрлі спорттық сайыстар өткізілді. Оның ішінде асық ату, арқан және бұқа тартыс ойындары бар. Одан бөлек, судағы түрлі шоулар көпшіліктің назарына ұсынылды. Ал құмнан мүсін жасау жарысына 20-дан астам топ қатысты.

«Бүгінгі күні тығыздалған құмнан мүсін жасау байқауында тақырыбын Алматы деп атадық. Онда бірінші орын алған бір топтан құралған 3 адамға Алакөлге бір апталық жолдама берілді. Екінші орынға жанұя саябағындағы аквапаркке бір күндік демалысы бар», — деді Алматы қаласы Әуезов ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Мирас Нысанәлиев.

Сайран көлінің қос жағалауын заманауи кейіпке енгізу үшін қала бюджетінен 160 миллион теңге қарастырылған. Қауіпсіздікке де орасан зор мән беріліпті. Қазір мұнда тәулігіне 5 құтқарушыдан қызмет етеді. Ал демалыс орнында қоғамдық тәртіп пен тазалықтың сақталуын полицейлер қатаң бақылайды. Заң бұзушылар 20-дан бастап 40 айлық есептік көрсеткіш көлеміне дейін айыппұл арқалайды.

Дереккөзі: Алматы арнасы
нравится:    828
Теги: Туризм жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии