18 Декабрь
03:29
Астана: -18 °C
Алматы: -8 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
18 маусым 10:28
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

SCAT әлемдегі ең қауіпті 10 әуекомпанияның тізіміне енді


Әуе транспорты халықаралық қауымдастығы (ИАТА) SCAT әуекомпаниясының қызметін бағалай отырып, оны әлемдегі ең қауіпті әуетасымалдаушылар ондығына енгізді.  Соңғы үш жылдың ішінде SCAT компаниясының ұшақтарына қатысты 8 оқиға тіркелген.

Бұл туралы Радиоточкаға сілтеме жасап NUR.KZ хабарлады.

ИАТА (International Air Transport Association)  әлемдегі барлық әуекомпаниялардың жұмысын бағалап, зерттеумен айналысады. Тексеру нәтижесінен соң әуекомпанияларға жұлдыздар беріледі. Ең жоғарғы жұлдыз – 7. Ал SCAT компаниясында мұндай жұлдыздың тек біреуі ғана бар.


Ұшқыштардың қауіпсіздігін бағалаудан бөлек, қауымдастық халықаралық стандарттарды жасаумен де айналысады.
ИАТА сарапшылары соңғы он жылдағы ұшақ апаттары мен құрбандарын есепке алады. Сонымен қатар, әуекомпаниялар өзге да талаптар бойынша бағаланады.

Мәселен, ұшақтарды дайындау, қажетті лицензиялардың түгел болуы, әуе апаттарын тексеру нәтижелері, Еуроодақтағы «қара тізімде» болу-болмауы секілді талаптар қаралады.  Сөз жоқ, SCAT-тың қауіпті компаниялар тізімінде болуына 2013 жылы Алматы маңындағы апаттың себеп екені рас.



2013 жылдың 29 қаңтары күні  Chellenger-200 ұшағы қонбақ болған кезінде апатқа ұшырады. Әуе апатынан 21 адам қаза тапты. Кейін комиссия апаттың адами факторлардан болғанын мәлімдеді.

Апаттан небары 1 апта өткен соң, 7 ақпан күні АН-24 ұшағы Алматыдағы халықаралық әуежайдың ұшу жолағынан шығып кеткен. Қуанышқа қарай, адам өлімі кездескен жоқ.

2013 жылдың 14 мамыры күні Ақтаудан Бакуге бет алған SCAT ұшағы салқындату жүйесіндегі ақауға байланысты қайтадан қонуға мәжбүр болды.

Сол жылы 29 қарашада Ақтаудан Алматыға ұшып кеткен ұшақ техникалық ақау салдарынан қайтадан қонды.

2014 жылдың 1 сәуірі күні Астана әуежайына Бангкоктан ұшып келген ұшақтың төрт дөңгелегіне зақым келді. Жолаушылар дөңгелектен түтін шыққанын байқаған. Бұл оқиғаны компания басшылары тежегіштің істен шығуымен түсіндірді.

20 қазан күні ғаламторда жолаушы Мәди Мейрамғалиұлы жүктеген сурет қызу талқыланды. Ол SCAT салонынан ұшақ қаптамасының бұрандалары босап кеткенін байқап, кейін суретке түсіріп алған.

2015 жылдың 8 мамыры күні Алматы-Өскемен бағытындағы әуе рейсі ұшу жолағынан шығып кетті.

2015 жылдың 16 маусымы күні Ақтау халықаралық әуежайында Астанадан ұшып келген SCAT ұшағы өртеніп кетті.
нравится:    888
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии