11 Декабрь
08:01
Астана: -13 °C
Алматы: -8 °C
USD/KZT: 334.32
EUR/KZT: 392.29
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 50.53
Туризм
25 тамыз 15:46
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

SCAT халықаралық бағыттар бойынша авиабилеттерге бағаны 20% көтереді
Қазақстандық SCAT әуекомпаниясы халықаралық бағыттар бойынша авиабилеттерге бағаны 20% көтереді.


«Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының еркін айналымға ауысуына байланысты SCAT әуекомпаниясы 2015 жылдың 25 тамызынан бастап барлық халықаралық рейстерге тарифтің 20 пайызға мәжбүрлі өсуі туралы хабарлайды. Компанияның шешімі авиация саласының ерекшелігіне байланысты, себебі бұл салада рейстерді қамтамасыз ету, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету, жұмысшыларды қайта оқытумен байланысты әуекомпанияның көптеген шығындары АҚШ долларымен өтеледі»,-делінген хабарламада.


Аталған шара компанияның табысын арттыруды көздемейді, себебі ол долларды теңгеге шаққандағы тұрақсыз бағамға байланысты туындаған барлық шығындардың орнын толтыра алмайды.

«Тарифтердің белгіленген пайыздарға  көтерілуі тек халықаралық рейстерге байланысты жалпы шығынның тек біршама бөлігінің орнын толтыруды қамтамасыз етеді»,-деп түсіндірілген хабарламада.

Бейсенбіде премьер-министр Кәрім Мәсімов Қазақстан валюталық  дәлізді алып тастауға және айырбас бағамын еркіндікке жіберуге көшуге негізделген жаңа ақша-несие саясатын жүзеге асыруға кіріскенін мәлімдеген болатын. Осы жаңалықтан қазақстандық қаржы биржасында (KASE) қазақстандық валютаның биржалық бағамы бір долларға 255,26 теңгеге дейін жеткен болатын.

Дереккөзі: Қазақстан жаңалықтары АА
нравится:    672
Теги: Туризм жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии