21 Август
17:59
Астана: 25 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Спорт
15 маусым 14:59
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Седов жаттықтырушы Алексей Ниді оның атынан ипотека алып, төлемей жүрді деп айыптады


Қазақстандық ауыр атлет Владимир Седов ауыр атлетикадан жаттықтырушы Алексей Ниді 2007 жылы оның атынан ипотека алып, төлеуден бас тартып жүрді деп айыптады.

Бұл мәлімдемені Седов өз Instagram парақшасында жасады.



«Бас жаттықтырушы Ни А.Г. 2007 жылдың басында менің атымнан өзіне үш бөлмелі пәтерді (150000$) БТА банкінен ипотекаға алып, кейін ол үшін төлеуді қойғаны туралы шындықты айтқым келеді. Сол арада менің ата-анамның үйіне «ұлыңыз қомақты қаржы қарыз» деп тоқтаусыз хабарласумен болған. Тек 2012 жылы ол қарызын төледі. Сол жүкпен мен әлем чемпионатын жеңіп шықтым. Ал сіздер болса менің жүйкем жұқа дейсіздер. Алексей Геннадьевич, спортшылардың жүйкесін жұқартуды доғарыңыз», — дейді атлет.

Еске салсақ, бұған дейін Владимир Седов Ильинді қорқақ деп айыптап, жекпе-жекке шақырған болатын. Және Илья Ильинді мазақ қылып, шу шығарғаны үшін қатаң ескерту алған.
нравится:    1189
Теги: Спорт жаңалықтары, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии