16 Декабрь
13:02
Астана: -19 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
15 шілде 11:41
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Селфиді жиі жариялау - денсаулыққа зиян
Селфиді жиі жариялау - денсаулыққа зиян
 

Ресейлік мамандар адамның өзін-өзі суретке түсіруі тек ғана сүйікті іс болудан қалып, психикаға кері әсер етуі мүмкіндігін айтуда. Жағымсыз әсердің 3 кезеңі болуы мүмкін. Оның алғашқысында адам күніне 3 мәртеге дейін селфиге түседі. Бірақ бұл суретін ғаламторға жарияламайды. Екінші кезеңде де сонша суретке түседі және оны ғаламторға шығаруды міндетті іс санайды.  Ал егер ол тәулігіне 6 және одан көп суретке түсіп, әлеуметтік желіге жариялауды күнделікті әдетке айналдырса, онда бұл адамның психикасы бұзылған деген сөз. Себебі адамда өз суретіне қойылатын лайктар мен ғаламторға кірушілердің жазып қалдыратын ой-пікірлеріне тәуелділік пайда болған. Мұндай адамдар жұрттың көзіне түсіп, назарын өзіне аудартатын селфи жасау үшін не нәрсеге де баруға дайын болады екен. Олардың ойланбаған әрекеттерге баруын тоқтату үшін психологиялық жәрдем көрсету қажет, деп жазады informing.ru.

Дереккөзі:24.kz
нравится:    756
Теги: Денсаулық,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии