24 Август
05:12
Астана: 13 °C
Алматы: 11 °C
USD/KZT: 333.32
EUR/KZT: 392.58
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.02
Әлем жаңалықтары
14 қыркүйек 19:26
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Семейде анасы шашын тазалаймын деп қызын өлтіріп алды


Семейде оқыс жағдай орын алды. Сегіз жастағы қызының шашынан бит термек болған анасы, оған уыттылығы жоғары диазизон сепкен. Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

Диазизон әдетте кенелер мен басқа да жәндіктерді улап өлтіру үшін қолданылады. Күшіне мінген препарат шаштағы жәндіктерді емес, қыздың өзін өлтіріп жіберген.

Әйел препараттағы жазылған анықтаманы да ашып оқымапты. Ол негізі улулығы жағынан II класқа жататын, адамдарға қолдануға болмайтын түрі екен. Тіпті малдың өзіне пайдаланар алдында 1 миллилитр диазизон мен 10 литр суды араластырады. Ал егер ол адам денесіне тисе жедел түрде сүртіп тастау керек.

Қыз бірнеше минуттың ішінде есінен танып қалған. Ал анасы жедел жәрдем шақырудың орынына, туысқандарына хабарласып уақыт ұттырып алады. Ал дәрігерлер келген кезде комаға түскен қыз, ауруханаға кіре берген сәтте клиникалық өлімге тап болған. Жансақтау бөлімінде жасалған шаралар өкінішке орай өз жемісін бермеген. Енді бұл жағдайды құқық қорғау органдары қарастырып жатыр.

“Биттер арылтатын препараттар әрбір аптекада бар. Тіпті ондай майда жәндіктерден әдеттегідей қолмен теріп те арылтуға болады”, – дейді орталық “жедел жәрдем” орталығының меңгерушісі Эльвира Гатауллина.




Дереккөзі: Экспресс К
нравится:    1518
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии