|    |  
19 қазан 2019
00:01
қаз
​Семейде «Ауызашар» деп аталатын өнім шығарыла бастады
21 маусым 2016, 10:35 24

Жергілікті кондитер цехтарының бірінде өнідірілген тағамдар жиынтығында ши бауырсақ, жент сияқты ұлттық өнімдермен қатар құрма, печенье де бар. Цех жетекшісі Жанаргүл Жұмағалиеваның айтуынша, отандық өнімге Ресей, Қытай, Монғолиядан да тапсырыс түсіп жатыр. Осыдан 10 жыл бұрын ашылған шағын цехта бастапқыда 2-3 адам еңбек етіп, өнімнің 5-6 түрі ғана шығарылған. Қазір олардың саны 30-ға жетеді. Жанаргүл Жұмағалиева, кондитерлік цех жетекшісі: - Мен өзі қазақ тілі, әдебиетін бітіргем. Мамандығым мұғалім. Мына печеньелерді шығарған кезде түріне қарап аттар қоямыз. «Тақия» деген печенье бар, «Шаңырақ» деген печенье бар. Шамамыз келгенше қазақша аттарды қоямыз.

24.kz


Жаңалықтар