13 Декабрь
13:02
Астана: -24 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Әлем жаңалықтары
10 маусым 08:59
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Семейде шаштараздан жылан шықты
Семейдегі шаштараздың бірінен ирелеңдеген тіршілік иесі табылды деп хабарлайды 24.kz.



Тұрғындар алғашқыда абдырап қалғанымен, кейін айбат шекпейтінін байқаған. Тіпті қолдарына алып суретке де түскен. Соған қарағанда, бұл жақында қалаға гастрольдік сапармен келіп кеткен зообаққа тиесілі болуы мүмкін деген жорамал бар.

Шаштараз қызметкерлері Төтенше жағдайлар басқармасына хабарласқан. Ондағы мамандар бұл жағдайға алаңдайтын негіз жоқ деп сендірді.

«112 нөміріне қоңырау шалып, жылан ұстап алғандарын айтып хабарласты. Оқиға орнына шұғыл түрде біздің қызметкерлер барып, оны өзімізге алдық. Өкінішке қарай, бауырымен жорғалаушының қай тұқымға жататынын анықтау мүмкін болмады. Бізде ондай мамандар жоқ. Жыланды қала сыртына шығарып, адамдардан алыс жаққа, орманға жібердік. Қала бойынша бұған ұқсас басқа оқиға тіркелген жоқ», — дейді қалалық ТЖБ маманы Қымбат Көпбаев.
нравится:    1169
Теги: Әлемде талай қызық бар,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии