12 Декабрь
02:54
Астана: -15 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Әлем жаңалықтары
10 ақпан 14:42
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Семейде таңғажайып тиынсалғыш көпшілік назарына ұсынылды


Көне бұйым қаладағы Фёдор Михайлович Достоевский атындағы әдеби-мемориалдық мұражайда сақталып келген.
Мұнда қазір әлемге әйгілі «Қылмыс пен жаза» романының 150 жылдығына байланысты көрме өтуде. 
Атақты жазушы 1854-1859-жылдары Семей қаласында өмір сүргені белгілі.
Көрмеде 130-дан астам тарихи және әдеби жәдігерлер қойылған. Олардың ішіндегі тиынсалғыш көпшіліктің ықыласын өзіне ерекше аударды. Қолдан жасалған бұл туындының тарихы тереңде, тіпті ол жайында жазушы өз шығармаларында да тілге тиек еткен.
Шұғыла Бақытбекқызы, мұражайдың ғылыми-көпшілік бөлімінің нұсқаушысы:  "Көрмеде суретшілердің романға байланысты суреттемелері қойылған. Көрмедегі ерекше экспонат тиын салғышты айтуымызға болады. Бұл – Алена Ивановнаның тиын салғышы. Мұнда 19-ыншы ғасырдағы әрқандай тиындар салынған, күміс және алтын, диаметрлері әрқилы болған" - деп түсініктеме береді.

Дереккөзі: www.khabar.kz
 
нравится:    837
Теги: Әлемде талай қызық бар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии