22 Август
01:36
Астана: 12 °C
Алматы: 11 °C
USD/KZT: 332.58
EUR/KZT: 390.38
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 49.85
Әлем жаңалықтары
6 маусым 11:11
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Сенаның Париж тұсындағы деңгейі алты метрге көтерілді
03-06-16-sena

Cена өзенінің Париж қаласы орталығындағы деңгейі алты метрге дейін көтеріліп кетті. Бұл туралы «Интерфакс.Ру» ақпарына сүйенген ras.kz хабарлады.

Жергілікті телевидениенің хабарлауынша, судың деңгейі әлі де көтеріліп жатыр.

Францияның қоршаған орта министрлігі судың Аустерлиц көпірі ауданы тұсындағы деңгейі өлшенгенін мәлімдеді.

Жұма күнгі болжамға сәйкес, Сена суының деңгейі 6,3 немесе 6,5 метрге дейін жетуі мүмкін.

Француз сарапшыларының айтуларынша, алдағы демалыс күндері жағдайдың бұдан аса қатты өзгеруін күте қоюға болмайды. Ал алдағы аптаның ішінде жағдай біртіндеп қалыпқа келе бастайды.

Парижде жұма күні қауіпсіздік шараларын қарастыру мақсатында Сена жағалауында орналасқан Лувр жабылды. Су тасқынынан зардап шегу қаупі бар музей экспонаттарының бір бөлігі басқа жаққа көшіріліп әкетілді. Бұдан басқа, алдағы сейсенбіге дейін Орсе музейі де жабылады.

Хабарланғандай, Сена суының деңгейі соңғы күндері Францияда селдетіп құйған нөмердің салдарынан күрт көтеріліп кеткен. Осының салдарынан Париждің біраз көшелері судың астында қалды.

Францияда футболдан Еуропа чемпионатының басталуына тура бір апта қалған кезде болып отырған мына жағдай біраз жұртты алаңдатып отыр.
нравится:    555
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии