Әлем жаңалықтары
21 шілде 12:07
СЕРБТЕР СУ БЕТІНДЕ ҚАЛҚЫП-ЖҮЗІП ЖҮРЕТІН КӨШПЕЛІ ҚОНАҚ ҮЙ ҚҰРАСТЫРДЫ
СЕРБТЕР СУ БЕТІНДЕ ҚАЛҚЫП-ЖҮЗІП ЖҮРЕТІН КӨШПЕЛІ ҚОНАҚ ҮЙ ҚҰРАСТЫРДЫ

Сербияның Salt & Water компаниясы су бетінде қалқып-жүзіп жүретін көшпелі қонақ үй құрастырды деп хабарлайды adme.ru сайтына сілтеме жасаған Businessnews.kz.


Жаңа қонақ үй демалушыларға су бетінде бір жерден екінші жерге көшіп жүре беруге мүмкіндік береді.

Жағада қонақ үйдің негізгі базасы орналасады. Онда шағын лобби (орталық холл), салтанат залы, ресторан, кафе, екі айлақ орын тепкен.

Айлаққа арқандалған жеке-жеке нөмірлер қалаған уақытта жағаны тастап, жүзу аймақтарының кез-келген нүктелерін аралай алады.


Әр нөмірде асхана, төсек, ванна, жағажай палубасы, ашық террасса, «капитан мінбесі» бар.

Әр нөмір 2-4 адамға арналған. Мұнда дайвинг жасауға, жүзуге, балық аулауға және тағы басқа нәрселер істеуге мүмкіндік көп.

Үлкен терезенден көрініп тұратын тамаша табиғат демалушыларға ғажайып көңіл-күй сыйлайды дейді мамандар.


Дереккөзі: businessnews.kz

Комментарии




Яндекс.Метрика