14 Декабрь
22:52
Астана: -21 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.92
EUR/KZT: 395.88
RUB/KZT: 5.71
CNY/KZT: 50.69
Спорт
13 шілде 10:08
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Серена Уильямс Уимблдонның алты дүркін чемпионы атанды (ФОТО)
Серена Уильямс Уимблдонның алты дүркін чемпионы атанды (ФОТО)
 

Әйелдер арасында әлемнің бірінші ракеткасы Серена Уильямс Уимблдон турнирін алтыншы рет жеңіп алды. Финалда америкалық теннисші испан қызы Гарбин Мугурусаны екі сетте жеңді, есеп: 6:4, 6:4.

Бұған дейін Уильямс 2002, 2003, 2009, 2010 және 2012 жылдары аталған турнирдің жеңімпазы атанған болатын. Биылғы маусымда ол "Үлкен дулыға" сериясындағы үшінші жарысты қатарынан жеңіп отыр. Мұның алдында Серена Австралия мен Франция ашық біріншіліктерінде қарсылас шақ келтірмеген.

Енді америкалық теннисші қыз 31 тамыз бен 13 қыркүйек аралығында АҚШ-та өтетін US Open турнирін жеңіп алса, бір маусымда барлық төрт "Үлкен дулығаның" иегері атанған санаулы теннисшілердің қатарына енеді. Мұндай атаққа тарихта үш қана теннисші қыз қол жеткізген, олар: неміс Штеффи Граф, америкалық Морин Коннолли және австралиялық Маргарет Корт.

Ал, бүгінгі Уимблдондағы жеңісі үшін Серена 3 миллион долларға жуық сыйақы алады. Оның финалдағы қарсыласы Мугуруса 1,5 миллион долларды қалтаға баспақ. Жалпы, турнирдің жүлде қоры - 14,7 миллион АҚШ доллары. 

Дереккөзі:​BAQ.kz 
нравится:    656
Теги: Спорт жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии