|    |  
13 қараша 2019
02:07
қаз
Сериалдарды үзбей көру есте сақтау қабілетінен айырады - ғалымдар
15 қыркүйек 2017, 17:44 38



Мельбурн университеті зерттеушілері деректері бойынша, сериалдарды үзбей көретін жандар оларды аз-аздап қана көретіндерге қарағанда тым аз әсер алады. Бұған қоса, сериалдарды үзбей көріп, соңына түсіп алғаннан біраз уақыттан кейін адамдар онда қандай оқиғалар болғанын естеріне түсіре алмады, деп хабарлайды "Ортодокс".

Зерттеуге 51 студент қатысқан. Еріктілер іштей үш топқа бөлініп, «Ойын» («Игра») деп аталатын шағын сериалды тамашалаған. Бірінші топ өкілдері аптасына бір сериадан, екінші топтағылар – күніне бір сериадан, ал үшінші топтағылар бір демде бүкіл серианы бастан аяқ көріп шыққан. Еріктілердің ешқайсысы зерттеу басталғанға дейін бұл сериалды көрмеген.

Зерттеуге қатысушылар сериалдың басты кейіпкері темекі тұтатқан кезде немесе өзіне сусын құйған сәтте арнайы түймешені басып отырған. Осылайша, ғалымдар еріктілердің концентрациясын тексерген.

Еріктілер сериалды көргеннен кейін 24 сағат өткен соң, содан кейін 20 апта бойына аптасына екі рет сюжет бойынша сұрақтарға жауап беріп отырған.

Зерттеу нәтижесі көрсеткендей: сериалды үзбей көрген жандар келесі күні оның мазмұнын жақсы есте сақтағандарын көрсеткен. Алайда, олар сюжетті тез ұмытып кеткен. Аптасына бір сериядан ғана көріп отырған еріктілер 24 сағаттан кейін басқалармен салыстырғанда сюжетті аз есте сақтаған. Есесіне, олар арада біраз уақыт өткенде көп нәрсені есте сақтағаны белгілі болған. Сонымен қатар, осы топтағылар басқа топтағы еріктілерге қарағанда сериал көруден ең көп әсер алған.


 


Жаңалықтар