21 Август
19:53
Астана: 25 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
10 қараша 18:01
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Серік Абас-Шах: Тележүргізушілер эфирге емес, эфирдегі өз бейнесіне өлердей ғашық

 
Телепродюсер Серік Абас-Шах тележүргізушілер тарапына сын айтты. Бұл ойын өзінің instagram-дағы парақшасына жазған. Автордың жазбасын қаз-қалпында назарларыңызға ұсынамыз:

«Телеарнаны (тележобаны) қазақша болғандықтан емес, қызықты әрі мағыналы болғандықтан тамашалау керек. 

Тележүргізуші әдемі болғандықтан ғана, «көкесі» болғандықтан ғана, екіжүзді алаяқ болғандықтан ғана, сақау болғандықтан ғана, бастықтың тілін тапқандықтан ғана эфирге шықпаса керек-ті. Бағдарлама жүргізуге ділмар тілді, терең білімді, айтары мол тұлға ғана лайықты.

Р.S. Өкінішке қарай, әдемі сөйлеп, әдемі көрінгісі келетін жүргізушілер (бәрі емес, басым көпшілігі) эфирге емес, эфирдегі өз бейнесіне "өлердей ғашық". Олар көрермен алдындағы жауапкершілікті емес, танымалдық жолмен табатын ақшасын бірінші кезекке қояды. Жоғарыдағылар жат десе жатып, тұр десе тұрып, үр десе үре жөнелетін, өзіндік ұстанымы жоқ, "ләббай тақсырлы орындағыш-пысықайларға"  тұлғалық қасиет қайдан қонсын?

Айтпақшы: Ешкім тұлға болып тумайды, тұлға болып қалыптасады».
нравится:    1766
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии