24 Август
11:09
Астана: 24 °C
Алматы: 22 °C
USD/KZT: 333.32
EUR/KZT: 392.58
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.02
Мәдениет
3 тамыз 17:31
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Серікбол Сайлаубек: Төрт әйел аламын, сол да сөз болып па?
Серікбол Сайлаубек тоқал алу мәселесіне қатысты пікірін білдірді. Әншінің айтуынша, екінші әйел алу – адамның тағдырына байланысты дүние. Бірнеше әйел аламын деп қанша тырыссаң да, пешенеңе жазылмаса бәрі бекер дейді ол.



«Әркімнің маңдайына жазылғаны болады. Кейбіреулер аламын дейді да, аяқ жағына келгенде ала алмай қалады. Кейбіреуі алмаймын дейді да, бес жылдан кейін қарасаң, екінші әйел алып жатады. Сондықтан да адам баласына 100%-ға сеніп айтуға болмайды», – дейді Серікбол.

«Ал жағдайыңыз келсе өзіңіз тоқал алар ме едіңі?» деген сұраққа әнші:

«Пенде болғаннан кейін, адам болғаннан кейін өмірдің қандай сынақ дайындап жатқанын көреміз. Төртеу алу керек болса, төртеу аламыз. Не бопты? Біз сияқты жігіттерге сөз боп па сол?» – деп жауап берді.

Бұлай дегенімен, әнші жұбайына қатал емес екенін айтып қалды.

«Жұбайыма қатал емеспін. Балаларыма, ұл-қызыма мейірім көрсетуім керек, әйеліме өмірлік жолдас ретінде мейірімділік көрсетуім керек. Солай емес пе? Жанұяма келетін болсақ, жұмсақпын», – дейді ол.

Дереккөз: Stan.kz
 
нравится:    304
Теги: Жұлдыздар әлемі, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии