22 Ноябрь
03:21
Астана: -11 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 330.29
EUR/KZT: 387.27
RUB/KZT: 5.56
CNY/KZT: 49.80
Әлем жаңалықтары
27 шілде 14:29
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Сейтқазы Матаев журналистерге балконда тұрып сұхбат берді

 
Сейтқазы Матаев үйқамақта отыр, сыртқа шығуға тыйым салынған. Оны сыйбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің қызметкерлері күзетуде. Матаевты қорғау комитеті мен оның адвокаттары Мадина Бакиева және Андрей Петров Журналистер одағының бұрынғы төрағасының ауласында баспасөз конференциясын өткізді. Осы сәтте Сейтқазы Матаев балконға шығып, әріптестеріне қол бұлғап, «Қолдағандарыңыз үшін рахмет! Біз жеңеміз деп ойлаймын»-деді. Өзінің қалы жақсы екенін, тілдесе алмайтынын қолымен ишарат етіп көрсетті.
 


Бұл мезетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі А.Е.Қырықбаев Сейтқазы Матаевтың іс-әрекеті туралы басшылығына хабарлап үлгерген. Ал, журналистерге берген жауабында тек бұйрықты орындап отырғанын, одан өзге ешқандай сұраққа жауап бермейтінін жеткізген. «Біз мұнда сот қаулысын орындау үшін тұрмыз. Басшылықтың бұйрығы бар. Жедел тергеу тобының басшысы бар. Сұрақтарыңызды сол кісіге қойыңыздар»-деген.
 


Сейтқазы Матаевтың күзеті күн сайын ауысып отырады. Адвокаты Мадина Бакиева соттың үйқамақта ұстау туралы қаулысының уақыты өткеннен кейін Матаевты үйде ұстау заңсыз дейді. Астананың №2 Есіл аудандық соты адвокаттарға судьяның істі өндіріске қабылдамағанын және күні бүгінге дейін үйқамақ уақытын созу туралы бірде бір қаулы жоқ екенін айтқан.  
 
Дереккөз: informburo.kz
нравится:    788
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии