22 Октябрь
17:58
Астана: 2 °C
Алматы: 17 °C
USD/KZT: 335.24
EUR/KZT: 395.82
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.65
Әлем жаңалықтары
13 қазан 16:37
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

«Сезім киллері» немесе адам қатынасын әлеуметтік желі қалай құртады
Иә, қазіргі таңда әлеуметтік желісіз күн көру – қиынның қиыны. Әуелгісі алмасқан хат-хабардан басталып, кейінгісі табқан табысыңның терегі осы – желі.



Ең қызығы, әлеуметті желі тоғыспас тағдырларды тоғыстырып, адасқан жандарды табыстыру үшін ойлап табылған дүние.  Қанша жандарды қосып, бақытты отбасын құруға осы желінің себі тигеніне біз шүбә келтірмейміз. Алайда, ғалымдардың зерттеуі бойынша құрылған қатынастың құлдырауына да осы желі әсер етеді екен. Соның бес мысалын назарларыңызға ұсынбақпыз.

1. Бөлінбеген көңіл
Бұл әуелгі себеп. Негізі жаңа қосылған жұптың ең басты мәселесі де осы деуге болады. Сезімдері жайлы жазылмаған посттар, салынбаған фото, басылмаған лайк жұп арасындағы өкпе-ренішке, артынша суынып кетуге түрткі болады екен. Нәтиже – айрылысу.

2. Желідегі  "супержұп" образы
Көбіне түсінік таппайтын түйін осыдан болады. Қосылған жұп желі бетіне тым бақытты, тым ажарлы жұптың образын сомдап, өмірде сол деңгейге жете алмай қалады. Артынша идиал сезімді іздеп қош айтысып жатады.
 
3. Желідегі идеал жұптар
Бұл әлеуметтік желінің ең сорақы қасіреті. Қосылған жұп әлеуметтік желіде жарияланған достарының өміріне қызығушылық танытады. Артынша бұл қызығушылық қызғанышқа әкеліп соғады. Нәтижесін өзіңіз бағамдай беріңіз.
 
4. Әлеуметтік желідегі пассивті қолданыс
Бұндай да болады екен. Кейбір жұптар өзінің серігінің әлеуметтік желіде «жұлдыз» болмағаны үшін кінәлайды екен. Басылмаған лайк пен бөліспеген посттар да талай жұптың тағдырына балта шапса керек.

5. Пікір
Әлеуметтік желідегі талқы мен үшінші жақтың пікірі көп жұптың тарқауына себеп болған. «Жараспайсыңдар», «Мына бала манандай», «анау қыз анандай» деген жаңсақ пікірлер кей жұп үшін қасіретті келсе керек.

reactor.inform.kz
нравится:    63
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии