20 Август
21:17
Астана: 20 °C
Алматы: 17 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Мәдениет
8 маусым 11:59
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Шаһизада өз өмірі туралы фильм түсірмек
Бүгінде әншілер арасында киноға бет бұру сәнге айналды. Бірі сценарий жазып өнердегі әріптестеріне ұсыныс жасаса, енді бірі актерлік шеберліктерін сынауға дайын екенін жеткізіп жатыр. Елімізге танымал әнші Шаһизада да болашақта арманын орындап, өз өмірі туралы бір фильм түсіргісі келетінін жеткізді.


Бұл туралы Астана арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды.

“Киноға түсуді арманым деп айта аламын. Адам баласының арманы таусылмайды ғой. Армансыз өмір жоқ болғандықтан, мен арманыма жетемін. Ал менің басты арманым – киноға түсу. Мысалы, қазір көптеген әнші киноға түсіп жатыр. Өнер адамының жан-жақты болғаны дұрыс деп санаймын. Олардың бұл әрекеттерін құп көремін. Ол да бір өнер ғой”, – дейді Шаһизада.

Осылайша әнші алдағы уақытта жақсы режиссерлерге қолқа салатынын жеткізді.

Әріптесі секілді Индира Расылхан да фильмге түсуде бала күнінен армандап келеді екен. Бүгінде әнші жаңа туындының сценарийін жазып жатқан көрінеді.

“Фильмге түсу және оны түсіру – менің бала күнімнен келе жатқан арманым. Қазір балапандарды қуанту мақсатынды сценарий жазып жатырмыз”, – дейді Индира Расылхан.

Ғаділбек Жанай көрерменге берер пайдасы мол фильмге түскісі келетінін айтты. Ал әнші Кентал тіпті екі туындыға түсіп үлгерген екен. Әзірге әнші атауын жасырған фильмдер ағымдағы жылдың күз мезгілінде көрерменге жол тартпақ.

stan.kz
нравится:    1022
Теги: Жұлдыздар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии