Кербез
11 сәуір 18:07
Шалғам қосылған грек салаты
 
 
Ингредиенттер:
 
Бір бума салат жапырақтары
3 қияр
2 қызанақ
8 дана редис
8 зәйтүн
100 г фета
Бірнеше бұта ақжелкен
Бірнеше бұта насыбайгүл
Тұз, бұрыш
3 ас қасық зәйтүн майы
1 шай қасық лимон шырыны
1/2 шай қасық лимон цедрасы
 
Әзірлеу тәсілі:
 
1.Барлық көкөністі жуып, кептіріңіз.
2.Редис, зәйтүн мен қиярды жұқалап, домалақтап тураңыз. Қызанақты ұзыннан турау керек.
3.Фетаны кубиктап тураңыз.
4.Салат жапырақтарын тәрелкеге жайып салып, үстіне көкөністерді, зәйтүн мен ірімшікті салыңыз.
5.Ақжелкен мен насыбайгүл бұталарымен сәндеңіз.
6.Зәйтүн майын, тұз, бұрыш, лимон шырын мен цедрасын қосып араластырыңыз.
 
Салат дайын! Ас болсын!
 
Дереккөз: Сегодня

Комментарии




Яндекс.Метрика