13 Декабрь
11:19
Астана: -24 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Туризм
9 қыркүйек 10:53
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Шардара су қоймасының жағасында жаңа туристік нысандар салынады
2016 жылы Шардараға Шымкенттен 20 минутта жетуге мүмкiндiк тумақ. Бұл туралы Шардараға сапары барысында Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Бейбiт Атамқұлов мәлiм еттi.
"Қазiр әуе тұрағының жобалық-сметалық құжаты дайын, тек Қазақстан авиация комитетiнiң мақұлдауы қажет", - деді әкім.



Облыс басшысы бұл мәселенiң де жуық арада шешiмiн табатынын айтты. Сондай-ақ, ескi әуежайды қайта iске қосуға 200 млн. теңге керек. Алайда, облыстық бюджеттен қаржы алу заңда қарастырылмаған. Сондықтан мамандар қаржыны «СПК Шымкент» мекемесiмен келiсiмшартқа тұру арқылы алуды көздеп отыр. Осы орайда 1625 метр жолға асфальт төселiп, 118 гектар жер қоршалады. Ал, ұшып-қонуға Өзбекстан тарапының рұқсаты керек. Келiсiм берсе, Шардара - Шымкент бағытындағы әуе кемесi кестеге сай ұшатын болады. Аудан әкiмi Қамытбек Айтөреев болашақта Алматы, Астанадан да әуе кемелерi Шардараға қатынайды деген сенiмде. Ал, өңiр басшысы Шардарада iшкi туризмдi дамытуға күш салу керектiгiн тапсырды.



Сондай-ақ, Бейбiт Бәкiрұлы Шардара су қоймасындағы құрылыс басында болып, жағалаудағы туризмдi дамыту жобасымен танысты. Жобаға сәйкес бұл арадан қонақүй кешендерi, кемпингтер, гольф клубы, аттракциондар, ашық және жабық бассейндер салынбақ.



Дереккөзі: ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметi
нравится:    1079
Теги: Менің Қазақстаным,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии