|    |  
23 сәуір 2019
17:00
қаз
​Шаш электрленгенде не істеу қажет: 3 тексерілген әдіс
11 қаңтар 2019, 10:55 12

Қыстыгүні көпшілік әйелдердің шашы электрленеді: төменгі температура мен құрғақ ауа, бас киім мен мойын орамал, фенмен кептіру және жылу шашты құрғатып жіберетіні белгілі. Нәтижесінде шаш тікірейіп, күн суытқан сайын жағдай күрделене түседі.

Мұндайда не істеу қажет?

Күтімді өзгертіңіз
Қыстың күні шаш ылғалдандырғыш және пайдалы құралдарды көптеп қажет етеді. Егер бұрын майлы теріге арналған сусабын мен кондиционер қолдансаңыз, тері мен шаш анағұрлым ылғалды сіңіруі үшін құрғақ теріге арналған құралдарды тұтынып көріңіз. Шаш құрғақ бола түскен сайын майлы бола түседі, өйткені тері ылғал үшін май бездерін көбірек бөле түседі. Құрғақ шашты жақсы ылғалдандыратын шашқа арналған майларды пайдаланыңыз. Шашты күнара жуып, ал суық күндері шашты қоңыр салқын сумен шайған дұрыс.
 
Шашқа арналған антистатик сатып алыңыз. Олар қазір өте көп және танымал маркалары да бар. Негізінен олар май не спрей түрінде сатылады, сусабын түріндегісі де кездеседі (мәселен John Frieda-ға тиесілі Frizz-Ease), бұл шаштың электрленуіне жол бермейді.
 
Тарақты ауыстырыңыз
Ең дұрысы — ағаштан жасалған тарақ, одан шаш электрленбейді. Сонымен қатар антистатикалық пластиктен жасалған арнайы тарақтар да сатылымда бар.
 
Бас киім мен мойын орамалды ауыстырыңыз
Егер бас киіміңіз тар әрі синтетикалық материалдардан жасалған болса, бас киімді шешкенде шашыңыз тік тұрып, электрленеді. Акрил, полиэстер және флистен жасалған бас киімдерден шаш электрленеді. Табиғи жүн және мақта матадан тігілген бас киімдер де электрленуі мүмкін, бұл арагідік ұшырасып жатады.
 
Сүлгіні ауыстырыңыз
Ылғал шаш жұқа болады, сондықтан оны қатты уқалаудың қажеті шамалы. Ақырын ғана қысып, суын сорғытыңыз. Бұл үшін жұмсақ мата жеткілікті. Жуылғаннан кейін орамал қатты болуы мүмкін, сол себепті артық уқалауды болдырмас үшін ескі мақта футболкаңызды пайдалансаңыз да жетіп жатыр.
 
Фенды ауыстырыңыз
Шаш феннен кейін электрленетін болса, үнемі пайдалануға кеңес берілмейді. Алайда бұған көп адам көндіге бермейтіні белгілі. Ондай кездері, шашты ылғалды күйінде қалдыратын йондалуы бар фен алған дұрыс. Йондардың нәтижесінде ылғал ұсақ тамшыларға айналып, тез сіңе бастайды, ал шаш тез кебеді.
 
Бөлмедегі ауаны ылғалдандырып отыру қажет, ылғал статикалық зарядты болдырмайды. Бұл үшін үстелге арналған ауа ылғалдандырғыш сатып алсаңыз болады, бұл жұмыс орныңызда таза ауаның болуына жағдай жасайды.
 
Нені бірден істеу қажет
Ең қарапайым әдіс — қолыңызды ылғалдап, шашыңызды сипап өтіңіз.

Шаштағы статикалық зарядты жою үшін спрей түрінде шығарылатын термалды суды да пайдаланса болады.
Ылғалдандырғыш жақпа майдың сығындысы да шашыңыздың электрленуін тыя алады. Ол үшін сәл ғана жақпа майды қолыңызға жағып, шашыңызбен жүріп өтсеңіз болғаны.
Өзіңізбен бірге антистатикалық әсері бар дымқыл майлықтар алып жүрсеңіз де болады (мәселен, Ted Gibson Hair Sheet).

Дереккөзі: ​goodhouse.ru


Жаңалықтар