16 Август
19:06
Астана: 23 °C
Алматы: 27 °C
USD/KZT: 332.91
EUR/KZT: 391.17
RUB/KZT: 5.55
CNY/KZT: 49.84
Кербез
27 қазан 14:18
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Шаш өсірудің тәсілдері
Бұл сұрақты әдетте жас қыздардан  көп естіп жатамыз. Себебі, қыз көркі-шаш болса, жігіттер жүрегін  ұзын шашымен  жаулаған қыздар да аз емес.


Осы тұрғыда  химиялық жолмен шаш өсіруден аулақ болған жөн, ал оның орнына емдік шөптердің  пайдасы зор.

Шырмауықтың 1 ас қасық туралған жапырағын жарты литр суға салып,10 минут қайнатады. Оттан алған соң салқындатып сүзіңіз. Дайын тұнбаны шаш түбірі мен шашқа  күнде кешкілік 1 ай бойы жағып тұру қажет. (Мақта батырып жаққан ыңғайлы)
Настурцияның 100 гр. Ұнтақталған жапырағын  қалақайдың ұнтақталған жапырағымен араластырады да  оған үккіштен өткізілген  қазотының 10 граммын араластырады.  Қоспаға жарты литр таза спирт құйыңыз. Тұнбаны  күн сайын шайқап-шайқап, 15 күндей қойып қою керек. Тұнба  дайын болған соң  сүзіп, шаштың түбін сүртуге пайдаланыңыз.  Басты жуғаннан  соң сүртіңіз. Қоспаны қолданғанда көзге тигізуден сақ болғайсыз.
Қаратамырдың жас түбірін ботқа болғанша езіп, басқа жағады. Сонан соң басты пергамент қағазымен  жауып, үстінен түкті сүлгімен орап тастау керек.  Масканы 1 сағат ұстайсыз. 1 ай бойы үзбей күнара жағып отырыңыз.

Іске сәт! Біз ұсынған кеңестер кәдеңізге жарар деген ниеттеміз.

Дереккөзі: http://anabol.kz/
нравится:    1722
Теги: Сән әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии