12 Декабрь
01:11
Астана: -14 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Кербез
24 қараша 11:27
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Шаш үлгісін баскиім кигенде қалай сақтауға болады?

Шаш үлгісін баскиім кигенде қалай сақтауға болады?

Аналарымыз бен әжелеріміз: «Сұлуынан жылуы», – десе, жас қыздар, керісінше «Жылуынан сұлуы», – деп, көпшілігі қақаған аязда да жалаңбас жүреді. Оның жалғыз себебі – әдемі шаш үлгілерін бұзып алмау. Ал шашты да «жатқызып тастамай», басқа да суық тигізбеудің жолын білесіз бе?

Шаш үлгісін бұзып алмау үшін көптеген арулар сыртқа шығар алдында шаштарына лак, көпіршік, мусс немесе гель жағып жатады. Ондағы ойлары шаштарының формасын сақтап қалу. Ал шын мәнінде бұларды шашқа жаққаннан еш пайда жоқ. Керісінше, зияны көп, яғни шаштың формасы осылардың кесірінен одан ары бұзылады.

Сау, берік шаш формасын жақсы сақтайды. Ал әбден құрғап, ешқандай күтім көрмеген шаштың тудырар қиындығы көп болады. Сондықтан шашқа әрдайым күтім жасап жүрген жөн.

Кәсіби стилистердің кеңесі:

Болуы мүмкін қиындықтар: ұзындау кекіл. Баскиім кигеннен кейін кекіліңіз көлемін жоғалтып, «жатып» қала ма?

Ендеше, кекіліңізді көтеріп, артқа қарай тарап тұрып баскиім киіңіз. Ал оны шешкен уақытта кекіліңізді қайта алдыға тарай саласыз. Сонда ол көлемін жоғалтпай, қайта орнына келеді.

Болуы мүмкін қиындықтар: ұзын шаш баскиім кигенде майланып кеткендей басыңызға жабысып тұра ма?

Ендеше, баскиім таңдағанда қысып тұратын, тарларын емес, кең, көлемдісіне басымдық беріңіз. Мысалы, баста еркін тұратын кеңдеу берет таңдауға болады. Бастысы, шашыңыз таза болса және баскиім аса қысып тұрмаса, онда шаш өз көлемін сақтап қалады. Сонымен қатар шашыңызды бүлдіріп алмау үшін шашыңызды жинап, төбеңізге байлаңыз (соберите волосы в свободный или в тугой и высокий хвост). Ал сырттан кіріп, баскиіміңізді шешкенде шашыңызды жіберсеңіз, көлемін сақтап қалады.

Бастысы, баскиімді дұрыс таңдау. Тар, ауа өткізбейтін баскиімнен бас терлеп, шаш майланып, кірлеп кеткендей көрінетін болады. Сондай-ақ қысып тұрған баскиім шашты жатқызып тастайды.

Баскиімді шешкеннен кейін қысқа шашты өз қалпына келтіру оңай. Ол үшін сөмкеңізде стайлингке қажетті құралдарыңызды ала жүріңіз. Баскиімді шешкеннен кейін шашқа арналған құралды шаштың ұшына аздап жағып, саусағыңызбен шаштың түбінен көтеріп, өз шаш үлгіңізді жасап алуыңызға болады.

Шаш үлгісін бұзып алмау үшін шашты түрлі тәсілмен өріп алған дұрыс. Өрілген шаш баскиімнен еш «жамандық» көрмейді. Өз қалпын сақтап қалады.

Дереккөзі: anabol.kz
нравится:    1016
Теги: Аруларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии