|    |  
15 қазан 2019
11:21
қаз
Шашқа арналған маскалар
04 ақпан 2019, 12:44 47
Егер шашыңыздың түсін қанық қылып, мықты еткіңіз келсе, мейлінше жиі маска дайындап, күтім жасап тұру керек. 



Бұзылған шашқа арналған маска 

1-2 жұмыртқаны жарты стақан сүтпен араластырып, шашқа жағыңыз. 30-60 минуттан кейін сусабынмен жуып тастауға болады. Жұмыртқа бұзылған шашты қалыпқа келтіріп, сүт ылғалдандырып, нәрлендіреді. 

Шашты жылтыр ететін маска 

Бір кесе сүтті бір кесе түймедақ қайнатпасымен араластырып, бірнеше тамшы алма сіркесуын қосыңыз. Шашты сусабынмен жуып, дайындаған қоспаңызбен шайыңыз. 2-3 минуттан соң жылы сумен жуып тастаңыз. 

Шаштың түсуіне қарсы маска 

150 грамм қара нанды жарты стақан сүтке малып, 1 ас қасық майсана майын қосып, араластырыңыз. 15-20 минутта нан ісінуі керек. Масканы шаштың бойына жағып, 30-40 минуттан кейін басыңызды жуыңыз. 

Майлы шашқа арналған маска 

Миксерге 1/3 стақан сүт, 2 шай қасық коньяк, 1 шай қасық алоэ тұнбасы мен 1 жұмыртқа ағын салып, араластырыңыз. Қоспаны басыңызға, шаштың бойына жағып, 1 сағаттан кейін сусабынмен жуып тастаңыз. 

Құрғақ шашқа арналған маска 

1 стақан сүтке 1 ас қасық бал салып, араластырыңыз. 2 тілім нан қосып, ісінгенше күтіңіз. Масканы шашқа жағып, бір сағаттан кейін сусабынмен жуып тастаңыз.

Дереккөз: Reactor


Жаңалықтар