18 Август
12:57
Астана: 21 °C
Алматы: 21 °C
USD/KZT: 332.68
EUR/KZT: 389.40
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.85
Кербез
23 сәуір 11:43
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Шашқа арналған масканы қалай дұрыс пайдалану керек?
Кез келген әйелде өзіне күтім жасайтын құраларының арасында шашқа арналған маска  міндетті түрде кездеседі. Олар шаштың түсуінен, селдіруінен қорғайды және ол барынша табиғи жұмсақтықтың сақталуына өзінің үлесін тигізеді. Алайда, көпшілігі оны дұрыс пайдалануды біле бермейді.


Масканы пайдалану кезінде ең көп тараған кемшіліктердің бірі, масканы сабынсудан кейін бірден жағып, сосын оны ағын сумен жуып тастау. Иә, әрине, шаш жұмсақ болады, бірақ оның тигізер пайдасы айтарлықтай болмайды. Бұл көп жағдайларда дүкендік және үйде қолдан жасалған маскалардың ерекшеліктері мен қасиеттерін байланысты болып келеді.

Дүкендік маскалар: қолдану тәсілдері


Шаштаразшылар маскаға  шашты қатты малмауды және артық сумен шайылып кетпеуіне кеңес береді. Масканы жаққаннан кейін оны қатты ұйқаламау ұсынылады. Сосын шашта қалған судан толықтай кетіру үшін, бірнеше минутқа сүлгімен орап ұстауға болады. Содан кейін ғана орамада көрсетілген уақытта масканы ылғалды шашқа шағу қажет (қолдану талаптары бойынга 15 минуттан артық емес).  Сосын шашты тағы да сүлгімен конверт тәрізді орау керек,  одан суды қатты сығып тастауға болмайды.


Үйде әзірленген масканы басты жуар алдында қалай дұрыс жағу қажет

Үй жағдайларындағы шашқа аралған масканы пайдалану арулардың үлкен ыждақаттылығын қажет етеді, әрине оның химиялық өнімдерге қарағанда артықшылықтары басым. Ал оны пайдалану, жағудың өзіндік талаптары жетерлік.

Көпшілік маскаларды шашты сусабынмен жуғанға дейін пайдаланған дұрыс. Мәселен, кірленген немесе құрғақ шаштар үшін 30 минуттан бастап 1,5 сағатқа дейін ұстау. Ваннаға басыңызды еңкейтіп, дайын құралды жағыңыз. Егер сіздің шаштарыңыз майлы болса, онда шаш түптеріне, ал егер құрғақ және ұшталуға бейім болса шаш ұштарына ерекше назар аударыңыз. Масканы қол саусақтарымен, мүмкін болса жүздері жиі тарақпен де жағуға болады.
 
Масканы жаққаннан кейін ол арқаға, мойынға, киімге, еденге тамшылап, қолайсыз жағдайлар туғызуы мүмкін. Сондықтанда осы мақсаттарда пайдалану үшін душқа арнаған шапканы сатып алыңыз, ол шашыңыздаға маскалардың ағып кетуіне жол бермейді. Содан кейін шашты сусабынмен және кондиционер немесе бальзаммен жуып тастау қажет.

Шашты жуғаннан кейін үй маскаларын қалай жағуға болады


Осы нұсқаулық шашты сусабынмен жуғаннан кейін масканы қолдануға да келеді. Бірақ шашты барынша жақсылап шаюға тура келеді. Мүмкіндігенше, фенмен кептірмеген дұрыс, кепкеннен кейін тарақпен тарау шаштың құрамына жақсы әсерін тигізеді. Көп жағдайларда шаштың оңай таралу үшін май мен спрей  пайдаланылады, бірақ ол майлы типтегі шаштарға кемейді.
Маскалардың барлық түрлерін аптасына 2 реттен артық қолданбаған дұрыс.





 
нравится:    1819
Теги: Аруларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии