23 Июль
17:54
Астана: 13 °C
Алматы: 35 °C
USD/KZT: 346.68
EUR/KZT: 404.02
RUB/KZT: 5.47
CNY/KZT: 51.15
Кербез
5 сәуір 15:51
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Шашқа арналған майлар және оны пайдалануға арналған кеңестер
Шаш майлы болмайды – бас терісінен көп мөлшерде май бездері бөлінеді. Бұйра шаш күтім кезінде зақымданады, құрғақ бола бастайды, сынғыш келеді, түс-реңкі де солғын тартады. Дәл осы туындаған күрделі мәселелердің барлығының бетін шашқа арналған майлар және төменде көрсетілген оларды пайдалану ережелері қайтара алады.



Зәйтүн майы
Кез келген шашқа арналған маска құрамында болады. Сүйекті майлар құрамына жатады. Дәрумендерге, минералдарға, амин қышқылдарына және протеиндерге бай келеді. Зәйтүн майына негізделген шаш маскаларын пайдаланудың нәтижесінде шашыңыз серпімді келеді, түбі қатайып, белсенді болады. Суық сығымдалған өнімді таңдаңыз, бірақ пайдаланар алдында жылытып алғаныңыз орынды.

Ошаған майы
Шаштың түсуін тежейді. Бастың құрғауы және қышынуымен күреседі. Түйежапырақ тамырынан жасалған өнім дәруменге, минералды тұздарға, пальметин және стеарин қышқылдарына бай келеді.

Макадами майы
Шашты құнарландыра түсетін экзотикалық құралдар. Боялған бұйралар үшін өте жақсы, оларды икемді әрі жібектей етеді. Макадами майы аллергияға қарсы және бас тамырларындағы меланинді қалыпқа келтіруге көмектесе алады. Шашта май жылтырын қалдырмайды.

Кокос майы
Өнім шашты жуу кезінде бұйралардың ісініп, ақуызын жоғалтуымен ерекшеленеді, бұл оның зақымдануына жол бермейді. Сонымен қатар күннен қорғау қабілетіне де ие.

Шашқа арналған майларды пайдалану жөніндегі кеңестер

• Майды қолданар алдында жылытыңыз, одан кейін жеңіл уқалай отырып жеңіл түрде шашыңызға жағыңыз және  оны шашыңыздың ұзындығын бойлай орналастырыңыз. Қорықпаңыз, шашыңыз май болып кетпейді, май бездері қайта қалпына келеді.

• Жіңішке және әлсіз шаш кезінде майды тек қана шаштың түбіне жағыңыз, әйтпесе жағдайды қиындатып, шашыңызды бүлдіріп алуыңыз ықтимал.

• Тиімділігін көру үшін бас терісіне майды жұмсақ қыл таяқшамен массаж жасаңыз, шашты ұзындығын бойлай ақырын тараңыз. Алайда бұл тәсілді шашыңыз түсіп жүрген болса, пайдаланбағаныңыз дұрыс.

• Майды шамадан тыс пайдаланбаңыз, шашыңызға пайдасынан гөрі зиянын тигізіп алуыңыз мүмкін. Аптасына бір рет қолдансаңыз, сол жетіп жатыр. Мұндай маскаларды пайдаланғаннан кейін бас терісінде жұқа қабық пайда болады. Ал егер жиі пайдалансаңыз, ол қабат қалыңдап, бас терісінің ауамен тыныстауына жол бермейді.

• Дәріханада сатып алуға қол жетімді табиғи майларды ғана пайдаланыңыз.
Шашыңыз қалың әрі ұзын болып өссін!

Дереккөз: http://www.zhenskoeschastie.com
нравится:    194
Теги: Аруларға кеңес, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Читайте также:

Комментарии