21 Август
10:39
Астана: 19 °C
Алматы: 18 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
26 шілде 13:11
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Шаштараз көпірден секірген кезде клиентінің шашын алды (ВИДЕО)

 
Красноярда тұратын шаштараз-экстремал Денис Юшин 45 метрлік биіктіктен секіру кезінде клиентінің шашын алды. Юшин мен оның клиенті Дивоногорсктегі Шайтан көпірден секірген. Еркін секіру уақыты 2 секундқа созылған. Шаштараз осы сәтте клиент жігіттің тұтам шашын ұстарамен алып үлгерген. Юшин әлеуметтік желіде осы сәтте өзіне өте қорқынышты болғанын жазды.
 


Биіктіктен секірген кезде шаш алу оның жалғыз тәжірибесі емес. Ол парапланда, әуе шарында, теңіз түбі мен жанартауда шаш алған.
Филиппиндегі Сулу теңізінің түбінде клиентінің шашын алса, новосібірлік палапланерист Александр Орловқа ұшқан кезде ирокез шаш үлгісін жасап берген.
 




Юшин 2015 жылдың мамырында мотоциклмен әлемді шарлап, саяхаттауға шығып, Байкалда, Моңғолияда, Қытайда, Оңтүстік Корея мен Филиппинде болған. Жолы мен тамағына жұмсайтын ақшаны жолай шаш алу арқылы табады. Бірақ бекіткен бағасы жоқ. Кейде клиенттері Юшиннің мотоцикліне  жанармай құйып беру арқылы ақысын төлейді екен.
 
Дереккөз: info.sibnet.ru
нравится:    762
Теги: Әлемде талай қызық бар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии